Эксперт үйдегі Wi-Fi роутері дұрыс орналаспаса - денсаулыққа зиян екенін айтты
Wi-Fi роутерді пәтерде тек тұрғын емес бөлмелерде, жұмыс орнынан немесе төсектен алыс орналастыру қажет. Sputnik радиосына «өмір сүру кеңістігі экологиясы» зертханасының жетекшісі Антон Ястребцев берген сұхбатында таратқышты орнатудың денсаулыққа зиянды жақтарын атады.
Сарапшының айтуынша, үйде қолдануға арналған сертификатталған роутерлер қауіпсіз. Бірақ, олар да денсаулыққа әсер етеді. Ястребцев атап өткендей, кейбір адамдар роутерді жұмыс үстеліне қояды. Бұл жұмыс істеу үшін жылдам байланыс қажеттігімен түсіндіріледі. Алайда, маманның айтуынша, роутердан шыққан сәуле үш метр радиусты қамтиды.
«Роутерді жатын орнынан екі-үш метр қашықтықта, әсіресе төсектің басына орнатуға болмайды. Мұндай жағдайда адамға, әсіресе оның миына жоғары әсері болады».
Оның айтуынша, роутер дәлізде, тұрғын бөлмелерден екі-үш метр қашықтықта орналасу керек.
Бұған дейін сарапшы Сергей Кузьменко үйдегі интернет жылдамдығын қалай арттыру керектігін ашқан болатын. Маман роутерді пәтердің ортасына қоюға және оны үлкен жиһазбен жаппауға кеңес берді. Құрылғыны телефон немесе микротолқынды пеш және басқа электр құрылғылардан алысырақ орналастыру керек.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық