Экс-вице-министр сотта "айғақтардың бұрмаланғанын" айтты
17 қарашада офлайн режимде өткен сотта жазбаша түрдегі айғақтар қарастырылған. Күдіктінің адвокаты ауырып қалғандықтан, мемлекеттік адвокат тағайындалды.
Анатолий Шкарупа:
"Өзіме қарсы қылмыстық істі дайындай бастаған сәтте көптеген қаулыларға бұрынғы дата қойылған болуы мүмкін", - дейді.
Оған мемлекеттік айыптаушылар "құжат айналымында қате кеткен болуы мүмкін" деп болжам жасады. Бұрынғы энергетика министрі "дерек бұрмалау" жайлы мәлімдемені "асығыс жасалған қате тұжырым" деді.
Тергеу барысында Шкарупа "Конституцияда көрсетілген қорғалу құқығын бұзды", "заңбұзушылық туралы шағымдарға құлақ аспады" деген шағымдар айтты. Айыптауға прокурорлар "сот процесін әдейі созып отыр", деп жауап берді.
Еске салсақ, сот процесі 2019 жылдың желтоқсанынан бері жалғасуда. 2018 жылы 16 қарашада экс-шенеунік қамауға алынған, ал биыл маусым айында үйқамаққа жіберілген. Тергеу органдарының болжамынша, бұрынғы вице-министр Сарань қаласының әкімі болып тұрған кезде (2014-2017жж.) орталық жылу желісіне қосылмаған көпқабатты тұрғын үйлерде жылыту жабдықтарын орнату кезінде "қаржы жымқырған болуы мүмкін".
Тергеушілер "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту қоры" ENERCO компаниясына 215 миллион теңгеден астам қаржыны заңсыз аударған деп санайды. 44 жастағы Анатолий Шкарупа тағылған айыпты мойындамайды.
"Қазақстандық тұрғын үй коммуналды шаруашылығын жаңғырту мен дамыту орталығы" Қайсар Байдалы мен Ерлан Нәбиевтің үстінен шығынды өтеу туралы азаматтық шағым түсірген. Басында шағым түсірушілер соттан 241 миллион теңгеден астам қаржы өндіріп беруді сұраған, кейіннен оның көлемін 381 млн 175 мың теңгеге дейін көбейтті. Шағым түсірушілер соттан айыпталушылардың жылжымайтын мүліктерін бұғаттауды сұрады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық