Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңсесін қаржыландыру тоқтатылмайды - министрлік жауабы
Фото: Ашық дереккөзден
Премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Ерулан Жамаубаев «Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы туралы» конституциялық заңның күші жойылған жағдайда оның кеңсесін қаржыландыру тоқтатыла ма, жоқ па деген сауалға жауап берді.
Жамаубаевтың айтуынша, «Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы туралы» конституциялық заңнан бөлек «Президент туралы» конституциялық заң бар. Онда бұрынғы президенттерді қаржыландыру мәселесі қарастырылған.
«Бірнеше конституциялық заң бар ғой. Жалпы, «президент» және «бұрынғы президент» деген бар. Олардың барлығы мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады. Бұл тек Қазақстанның тәжірибесі ғана емес, дүниежүзінде солай – президент кезінде оның жұмысын қамтамасыз етуге қаражат бөледі, сосын президенттіктен кетеді ғой, экс-президент болған кезде жүріп-тұруына қаржы қарастырылады» деді министр.
Оның айтуынша, экс-президентке қатысты заңнамаға өзгеріс енгізілсе, қаражат бөліну тоқтайды. Ал қазіргі конституциялық заңдағы өзгерістер оған әсер етпейді.
«Егер «экс-президенттер мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылмайды» десе, онда, әрине, алып тастаймыз. Бірақ қазір ондай сұрақ туындап тұрған жоқ» деп жауап берді Ерулан Жамаубаев.
Еске салсақ, Ашық НҚА порталында 2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Оған сәйкес, Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасының қызметін қамтамасыз етуге 1,2 млрд, ал Тұңғыш Президент кітапханасына 1,3 млрд теңге бөлу қарастырылған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық