Экс-офицерлер ҰҚК «оларды заңсыз соттағанын» мәлімдеді
ҚР қарулы күштерінің құрамында болған бірнеше бұрынғы генералдар мен полковниктер Кәрім Мәсімов басқарған ұлттық қауіпсіздік комитеті оларды заңсыз соттағанын мәлімдеді.
Бүгін баспасөз мәслихатында экс-полковник Мұхтар Қарабеков 2017 жылы Қазақстан инжиниринг компаниясының ісі бойынша Нұр-Сұлтан әкімінің экс-орынбасары Қанат Сұлтанбековпен бірге төрт жылға сотталғанын мәлімдеді.
«Тергеу амалдары кезінде олардың пара алғаны анықталған. Алайда Қарабеков бүгінгі күнге дейін өз кінәсін мойындамай отыр. Барлық адамдар заңсыз сотты болды. Тінту жұмыстарында нәтиже шықпады, мүдделі адамның берген куәлігі ғана жалғыз дәлел деп танылды. Бүгінде Кәрім Мәсімовтен бастап ҰҚК-нің бүкіл басшылығы уақытша ұстау орындарында отыр және олардың барлығы әскери қызметкерлердің заңсыз сотталуына қатысы бар» деді ҚР қорғаныс министрлігі әскери өкілдіктер орталығының бұрынғы басшысы.
Қарабековтың айтуынша, 157 әскери қызметкер заңсыз сотталып, оның 7-еуін жоғарғы сот ақтап алған.
Сондай-ақ, ол тергеу кезінде оған Елбасының жиені Самат Әбіш ҰҚК бастығының орынбасары болып тұрған кезінде қысым көрсеткенін айтты.
Экс-офицерлер президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан заңсыз сотталған әскери қызметшілерге араша сұрады.
Еске салсақ, ҰҚК экс-басшысы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарлары қасіретті қаңтардан кейін мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен қамауға алынған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық