Экс-министр ҚТЖ директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды
Қазақстан темір жолының жалғыз акционерінің 27 мамырдағы шешімімен директорлар кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілді.
Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
«ҚТЖ ҰК» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор Калман Сомодидің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. «ҚТЖ» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор болып Юрий Лавриненко сайланды.
Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, ҚТЖ директорлар кеңесі 9 адамнан тұратыны атап өтілді:
- Юрий Лавриненко – директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор;
- Нұрлан Сауранбаев – директорлар кеңесінің мүшесі, басқарма төрағасы;
- Нұржан Байдәулетов – директорлар кеңесінің мүшесі, жалғыз акционердің мүдделерінің өкілі;
- Ернат Бердіғұлов – директорлар кеңесінің мүшесі, жалғыз акционердің мүдделерінің өкілі;
- Нәзира Нұрбаева – директорлар кеңесінің мүшесі, жалғыз акционердің мүдделерінің өкілі;
- Ғибрат Ауғанов – директорлар кеңесінің мүшесі, жалғыз акционердің мүдделерінің өкілі;
- Ульф Вокурка – директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
- Нұрлан Аханзарипов – директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
- Джон (Иэн) МакКэй – директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.
Юрий Лавриненко 1945 жылы 24 қарашада Ақмола облысында (ҚазКСР) дүниеге келген. Ленинград темір жол көлігі инженерлері институтын темір жол инженері мамандығы бойынша бітірген. «Құрмет» орденімен марапатталған.
- 1994 жылғы маусымнан 1995 жылғы қарашаға дейін – Шығыс Қазақстан облысы әкімшілігінің басшысы, әкімі.
- 1995-1997 жылдары – Қазақстанның көлік және коммуникация министрі.
- 1997-1999 жылдары – Қазақстан премьер-министрінің кеңесшісі.
Кейін Ақмола облысы әкімінің орынбасары, көлік және коммуникация бірінші вице-министрі, ҚТЖ «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының басқарушы директоры – директоры қызметтерін атқарды.
Сондай-ақ, парламент мәжілісінің екінші шақырылымының депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі болды.
Басқа лауазымдар:
- «Қазақстан темір жолы» ЖАҚ директорлар кеңесінің мүшесі;
- «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ЖАҚ директорлар кеңесінің мүшесі;
- «ҚазМұнайГаз» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі;
- «Исткомтранс» ЖШС бақылау кеңесінің тәуелсіз мүшесі;
- «KAZLOGISTICS көлік-логистикалық ұйымдар мен бірлестіктер одағы» заңды тұлғалар бірлестігі төрағасының орынбасары;
- Инвестициялар және даму министрлігіндегі қоғамдық кеңесінің төрағасы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық