Экс-министр Мұхамедиұлы 11 жылға, әйелі жарты жылға сотталды
Фото: Асқар Ахметуллин
Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2024 жылғы 13 ақпанда бұрынғы мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына, оның әйелі Ғалия Ысқақоваға және адвокат Мустахим Төлеевке қатысты үкім шығарды.
Тергеу барысында Мұхамедиұлы аса ірі мөлшерде пара беруге оқталды деп (ҚК 24-бабының 3-бөлігі – 367-бабының 4-бөлігі), Ысқақова парақорлыққа делдалдық жасады деп (ҚК 368-бабының 1-бөлігі) және Төлеев – аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деп (ҚК 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы) айыпталды.
Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметінше, Мұхамедиұлы 2022 жылғы желтоқсанда Астананың тергеу изоляторында болған кезінде қамаудан босатылып, "Дипломат" қонақ үйін меншігінде ұстап қалғысы келіп, адвокат Төлеев арқылы лауазымды тұлғаларға аса ірі мөлшерде пара беруге ниет білдірген, ал өзінің жұбайы Ысқақованы парақорлыққа делдал ретінде тарту туралы шешім қабылдаған.
2022 жылғы желтоқсанда Ысқақова кафеде "Дипломат" қонақ үйінің мәселесін шешу үшін Төлеевке 140 мың АҚШ долларын жеке өзі табыстағаны белгілі болды.
"2023 жылғы қаңтарда жұбайы Төлеевке көлігінде делдал рөлін атқара отырып, Мұхамедиұлына қатысты бұлтартпау шарасын өзгерту үшін 120 мың АҚШ долларын өзі тапсырды. 2023 жылғы сәуірде Ысқақова жүргізушісі арқылы Төлеевке жазасын жеңілдету үшін тағы да 100 мың АҚШ долларын берді. 2023 жылғы маусымда ол тағы да делдал рөлін атқара отырып, өзінің ұлы арқылы Төлеевке 27 млн теңге және 40 мың АҚШ доллары сомасында ақша берді" деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Ал Төлеев ақшаны өз қалауы бойынша басқарған.
Сотталушылар тағылған айыпты мойындамай, өздерін ақтауды сұрады. Сотталушылардың кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, сараптамалардың қорытындыларымен, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерімен және қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденді.
Сот үкімімен Мұхамедиұлы аса ірі мөлшерде пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға тыйым салынды.
Ысқақова парақорлыққа делдалдық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 6 айға бас бостандығынан айырылды. Ол да өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды.
Төлеев аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Ол 10 жыл адвокаттық қызметпен айналыса алмайды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық