Экс-министр Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс «Адам өлтіру» бабы бойынша тергеледі
Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс «Адам өлтіру» бабы бойынша тергеледі.
«Астанадағы мейрамханалардың бірінде әйелдің өліміне қатысты оқиғаны елордалық полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі (кісі өлтіру) бойынша тергеп жатыр» деп хабарлады Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, 9 қараша күні кешке әлеуметтік желіде экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенованы ұрып өлтіргені туралы хабарлама тараған болатын. Бишімбаев ұсталғанға дейін өзін пышақтаймын деп қорқытқан. Кейін полиция атышулы іске қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
10 қарашада Ішкі істер министрлігі Бишімбаевтың әйелін ұрып өлтіргені үшін ұсталғанын растады. Кейін Шымкент соты резонанс аясында шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан Бишімбаевтың жаза мерзімі аяқталғанын хабарлады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық