Экс-мәдениет және спорт вице-министрінің «көлеңкелі ісі» белгілі болды
Фото: Егемен Қазақстан
Сәкен Мұсайбеков «Exirius» ЖШС басшысы Заңғар Медеуовтен 6,2 млн теңге алған. Оның 4 миллионына Hermes әйелдер сөмкесі сатып алынған. Министрдің орынбасары өзінің қызметтік міндеттеріне жатпаса да, әріптесі Ғабидолла Әбдірахымовтың мәселесін шешуге уәде берген.
Оrda.kz Алматы қаласының Түрксіб аудандық сотының үкіміне сүйене отырып, істің мән-жайымен бөлісті.
2020 жылы Мәдениет және спорт министрлігі Ставкаларды есепке алу орталығының цифрлық жүйесін әзірлеуге арналған конкурс өткізді - «ХҚҰ қызметін қамтамасыз ету үшін компьютерлік бағдарламаны енгізу және пайдалану». Жеңімпаз - Exirius ЖШС- мен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік туралы келісім жасалуы керек еді.
Бірақ «Exirius» -мен келісім-шарт жасау процесі тоқтатылды, өйткені 2021 жылдың 22 қаңтарынан бастап Ғабидолла Әбдірахымов мәдениет және спорт вице-министрі болып туризм мен ойынға жауапты болды. Ол тағайындалғаннан кейін олар ХҚҰ-ға қатысты мәселелерді Қаржы министрлігіне бергісі келді.

Қолынан келмеген
Белгілі болғандай, компания директоры Заңғар Медеуов Мұсайбековпен жеке таныс болған, сондықтан 2021 жылдың ақпанында министрдің орынбасарынан көмек сұраған.
- С. Ж. Мұсайбеков «Exirius» ЖШС директоры З. Д. Медеуовпен жеке танысып, ақшалай сыйақы алу үшін МЖӘ-ге қол қоюға көмектесе алатынына келіскен. Дегенмен Мұсайбеков дене шынықтыру мен спорт саласына жетекшілік етіп, келісім жасасу туралы шешімге ешқандай әсер ете алмаған. Бұл оның функционалдық міндеттеріне кірмеді, өйткені МЖӘ туралы келісімшартты жасау, вице-министр Г. Р. Әбдрахымовтың функционалдық міндеттерінің бөлігі болды, - делінген сот үкімінде.
Сот Мұсайбеков ақшаны алғаннан кейін Медеуовтің мүддесі үшін оң шешім шығарылатынын растағанымен, іс жүзінде ол «қылмыстық келісім шарттарын орындамайтынын» анықтады. Ол тек қаражатты иемденуді мақсат еткен.
19 ақпанда түстен кейін Алматы әуежайының VIP күту залының жанындағы автотұрақта Медеуов белгілі бір Магавьянов арқылы 15 мың доллар аударды (ҚР Ұлттық банкінің мәліметі бойынша, 2021 жылғы 19 ақпандағы доллар бағамы 415,96 теңге, яғни 15 000 доллар * 415,96 = 6 239 400 теңге).
– Магавьяновтың өзіне ірі көлемде ақша бергенін біле тұра және алған ақшаның заңсыз екенін түсініп, Мұсайбеков ақшаны өз қалауы бойынша шығарды: ол Магавьяновқа Hermes дүкенінен 4 165 000 теңге тұратын сөмке сатып алуды тапсырды, - делінген сот үкімінде.
Бұл 20 ақпанда Алматы әуежайында орын алған, вице-министрде Магавьяновтан алған бес мың доллармен бірге қоңыр түсті әйелдер сөмкесі болды. Шамасы, Мұсайбеков вице-министрдің атына Дубайға билет бар болғандықтан, әуежайдан Біріккен Араб Әмірліктеріне ұшуды жоспарлаған.

Мұсайбековке алаяқтық, Медеуовке пара алу әрекеті үшін айып тағылды. Екеуі де прокурормен процессуалдық келісімге келді. Сотталушыларға 62 млн теңге айыппұл салынды.
Авторы: Аделаида Ауеспекова
Аударған: Айнура Дарибаева
Жаңалықтар
- Қытай АҚШ-тың 56 компаниясына қарсы сауда шектеулерін енгізді
- Қандай пост, пікір, репост үшін 20 жыл түрме беріледі? Прокуратура қазақстандықтарға ескерту жасады
- Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі болып Ғиззат Байтұрсынов тағайындалды
- Президент елдегі жарылысқа байланысты Катар Әміріне көңіл айту жеделхатын жолдады
- Мемлекет басшысы Брюссельге ресми сапары барысында отандастармен кездесті
- Әл-Фарабидегі апат: Сот Пакты 10 жылға бас бостандығынан айырды
- Bloomberg — Ормуз бұғазы арқылы өтетін Иран мұнайы экспорты ең жоғары деңгейге жетті
- Ақтөбе облысында 102 адам мейрамханадағы астан уланып, ауруханаға түсті
- Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов қызметінен кетті
- Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер қызметінен кететінін мәлімдеді
- Пак сотта соңғы сөзін айтты: «Саяси ықпалды тұлғаға қатысым жоқ»
- «Ақша үшін емес»: Томиристің анасы Пакты не үшін кешіргенін айтса, әкесі 100 млн теңге талап етті
- Кедендік рәсімдерді жеделдету үшін заңсыз делдалдық қызмет көрсететіндер ұсталды
- 368 млн теңгенің плиткасы: Павлодарда скверді жөндеу сметасынан күмәнді шығын шықты
- ІІМ дрон операторларын оқытып, әуеден әрекет етуге дайындайды
- Әл-Фарабидегі апат: Прокурор Пакқа 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады
- Ақмола облысында 221 млн теңге табысқа кенелген заңсыз вейп саудасы тоқтатылды
- Нұрлан Өнербаевтың анасы дүниеден озды
- Қатарда зауытта жарылыс болып, 50-ден астам адам зардап шегіп,18 жұмысшы жоғалып кеткен
- Екі күнде 19 медаль: Еліміздің спортшылары халықаралық аренада шеберлігін дәлелдеді