Экс-әкім қожалық жұмысшысын балаларының көзінше ұрып өлтірді
Фото: freepik.com
Жаңаарқа ауданының бұрынғы әкімі сауаты жоқ ер адамды екі жас баласының көзінше ұрып өлтірді, деп хабарлайды Orda.kz Патриотқа сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, бұрынғы әкім әлі күнге бостандықта жүр. Экс-әкімнің ағасы жол полициясының бұрынғы бастығы, ал тағы бір туысы судья екені белгілі болды.
Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында бір фермердің шаруа қожалығында Дмитрий Рябцев әйелі және 2 баласымен бірге жұмыс істеген. Бірақ бұл отбасымен еңбек шарты жасалмаған және әлеуметтік аударымдар жүргізілмеген. Бұл отбасыда байланыс құралдары да болмаған. Ер адамнан бөлек, оның отбасы да жұмысқа жегілген. Ақысыз жұмыстан қажыған Дмитрий Рябцев отбасымен бірге қожалықтан кетіп қалады. Олар Жаңаарқа ауданындағы арзан қонақ үйге орналасады.
Жаңаарқа ауданының бұрынғы әкімі Сәкен Оспанов ер адамның қонақ үйде екенін біліп, сол жерге барады. Басылымның мәліметінше, әкімнің ол жерге не үшін барғаны белгісіз. Бірақ бұрынғы шенеуніктің де үлкен шаруа қожалығы болған.
Бұрынғы әкім қонақ үйге жалғыз келмеген. Оны туған ағасы – Жаңаарқа ауданының жол полициясының бұрынғы бастығы ертіп келген. Бұрынғы әкім Дмитрий Рябцевті көшеге шығарып, әңгімелескен. Кейін шенеунік ер адамды балаларының көзінше ұра бастайды. Ер адам ауыр соққыдан оқиға орнында көз жұмды. Жұмысшының балалары әкесін Сәкен есімді ер адам ұрып-соққанын айтты.
Оспанов ұсталды. Әкімнің үстінен қылмыстық іс қозғалған. Бірақ ол бостандыққа шығып кеткен. Прокурорлар экс-әкімнің бостандыққа шығу себебін оның гипертониямен ауыратынымен байланыстырды.
Сондай-ақ Оспановтың қатысуымен тергеу органы қазан айынан бері бірде-бір тергеу жүргізбеген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық