Экономист Жақсыбек Құлекеев Назарбаев отбасының ел экономикасына келтірген зияны туралы айтты
Коллаж Orda.kz
Ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев болған кезде түрлі министрліктерді басқарған экс-шенеунік, қазір белгілі экономист Жақсыбек Құлекеев «Сұрауы бар» бағдарламасына сұхбат берді.
Оның айтуынша, Елбасы отбасы ел экономикасына зиян келтіріп, өз бизнестерін домалатып отырған.
«Мысалы сіз инвестор ретінде шетелден үлкен қондырғы алып келіп үлкен зауыт ашқыңыз келеді. Дәл сондай зауытты «семьяның» мүшелері де салғысы келеді. Сіз қондырғыны шетелден алып келгенге өте көп салық төлейсіз, ал олар салық төлемейді. Сосын өндірісті бастағаннан кейін бірінші күннен бастап сіздің артыңызда салық инспекторлары жүреді, жаныңызды қоймай барлық тиісті салықты төлетеді. Ал жаңағы заттарды арзанға алып келген, шикізаттың барлығын арзанға алып келіп жатқан беделді топтың өкілдері салықтың ешқайсысын төлемейді. Сонда сіз бизнесіңізді қалай дамытасыз? Ананың шығарып отырған заты сізден екі есе арзан болады. Екеуіңіз нарыққа барған кезде сіз жұмыс істей алмайсыз» деді Жақсыбек Құлекеев.
Сонымен қатар, Құлекеев мұндай әділетсіздік Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі сынаған масылдыққа алып келгенін айтты.
«Отбасының (Назарбаев отбасы) жасап отырған нәрсесі біздің қоғамда бәсекелестіктің дамуына, кәсіпкерліктің дамуына өте үлкен зиян тигізген зат. Біз заңды түрде отбасын, елбасының айналасындағы отбасы мүшелерінің барлығын заңнан жоғары қойдық. Олар заңға бағынған жоқ. Оның барлығын заңдастырып қойдық біз. Олар айтады: «мен адам өлтірсем де сотталмаймын», - деп. Соның бер жағында салық төлемеу деген не? Олар заңнан жоғары болғаннан кейін әділетті қоғам болуы мүмкін емес» деп пікір білдірді экс-шенеунік.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық