Экономика министрлігінің аппарат басшысы қызметінен босатылды
Ұлттық экономика министрлігінің аппарат басшысы Арман Жұмабеков қызметінен босатылды.
Жұмыстан босату туралы бұйрыққа ведомство басшысы қол қойды.
«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығымен Арман Дайырұлы Жұмабеков басқа қызметке ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы қызметінен босатылды» делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Арман Жұмабеков 1973 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 1990 жылы Целиноград облысындағы жинақ кассасының Ерментау бөлімшесінде инспектор болып бастады.
Әр жылдары Ақмола облысы бойынша салық комитетінде, Мемлекеттік кіріс министрлігінде, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде қызмет етті.
2018-2019 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы.
2019 жылы - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика бірінші вице-министрі.
2021 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық