Экономика министрі отбасын асырауға қанша ақша керек деген сұраққа жауап беруден бас тартты
Айына 50 мың теңгені азық-түлікке қалай жеткізесіз? Ал төрт адамнан тұратын отбасына қанша ақша керек? Әсет Ерғалиев брифинг кезінде журналистерге жауап беруден бас тартты. Бірақ жазбаша ақпарат беретінін мәлімдеген.
Оның орнына министр бағаны төмендетуде қандай шаралар қолданылып жатқанын айтты.
– Инфляциялық үдерістерді бейтараптандыру шараларын қабылдау үкіметтің басымдық аймағына жатады. Инфляцияны төмендетуге бағытталған шараларды қабылдау жоспары қабылданды. Қазір жұмыс екі негізгі бағытта жүргізілуде, - деді министр.
Оның айтуынша, премьер-министрдің төрағалығымен апта сайынғы онлайн отырыстар өткізіліп тұрады. Отырыстар бойынша үкімет әр аймақта әр бөлек тауар бағасының көтерілуін талқылайды.
– Екінші бағыт бойынша 24 көтерме-тарату орталығын салу арқылы қалыптасатын қажетті тауарды бөлу жүйесін қалыптастыруға қатысты неғұрлым жүйелі мәселелер талқылануда, - деді ол.
Еске салсақ, 4 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаев биыл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 10,4 пайызға өскенін айтқан болатын. 9 айдың қорытындысы бойынша инфляцияның жалпы өсімі 8,9%-ды құрады.
Осыған байланысты президент үкімет пен Ұлттық банкке инфляцияны 8,5 пайыз шегінде ұстауды тапсырды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық