Экологтар құс фабрикасын жапса, жұмыртқа бағасы қымбаттайды
Павлодарда экологиялық дабыл қағылды. Ондағы құс фабрикасы топырақ пен жер асты суын ластап жатыр.
Бұл туралы Orda.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.
Экологтардың айтуынша, кәсіпорын қалдықтары жерге көміліп, табиғатқа зиян келтіреді.
Облыстық экология департаменті «Павлодар» құс фабрикасын сотқа беріп, кәсіпорынның жұмысын уақытша тоқтатуды сұрап отыр.
Тексеріс тұрғындардың шағымынан кейін жүргізілген. Жергілікті халық Жетекші ауылындағы адам төзгізсіз иіске тұншыққан.
– Топырақты зертханалық зерттеулер нәтижелері бойынша калий, фосфор, магний, кальциде күкірттің көрсеткіштері 2 есеге артық екені анықталды. Яғни, ол топыраққа әсері етеді. Осы арқылы ол жер асты суына жетеді. Бұл заңбұзушылық, - деді Павлодар облысы бойынша Экология департаментінің инспекторы Александр Степаненко.
Мамандар уақытша болсын кәсіпорынның жұмысын тоқтату керек дейді, алайда бұл шешімге кәсіпкер қарсы. Ол жұмыс тоқтаса, қарызға батамын деп отыр.
– Мен тұрғындардың қарсылығына байланысты құс фабрикасын ауылдан 2 шақырымға дейін көшіруге дайынмын. Оған қоса иіс шығармайтын қорғаныс құралдарын күшейтеміз. Қажетті барлық шараны орындауға дайынбыз. Тек бизнесті тоқтата алмаймыз, - деді «Павлодар құс» фабрикасының жетекшісі Ербол Досыбаев.
Бұл жанжалға кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес өкілдері де араласып жатыр. Олардың айтуынша, құс фабрикасының жұмысы тоқтаса, ол оның сатылымдағы бағасына әсер етеді. Себебі, кәсіпорын Павлодар нарығының 30 пайызын қамтып отыр.
Әзірге сот шешімі шықпаған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық