«Эйр Астана», SCAT және «Богатырь Көмір» компанияларына қарсы тергеу жүргізілуде
Қасым-Жомарт Тоқаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғаринді қабылдады, деп хабарлады Orda.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Серік Жұманғарин екі негізгі бағыт пен 33 ірі жобаны қамтитын бәсекелестікті дамытудың ұлттық жобасы туралы айтты. Бұл жобалар кедергілерді жоюға және биржалық сауда, электр энергиясы, ауылшаруашылық өнімдері, көлік, байланыс және ақпараттық технологиялар қызметтеріне тең қол жетімділікті қамтамасыз етуге арналған.
– Қасым-Жомарт Тоқаевқа сауда биржасы жүйесінің іске қосылғаны туралы айтылды. 2021 жылдың 25 наурыз күні битум саудасы басталған. Ал 31 наурызда жанар-жағармай, сәуір айының басында көмір саудаға түсе бастайды. Бұл өз кезегінде нарықтың ашықтығын қалыптастырып, оған болжам жасау тиімділігін арттыра түседі және нақты нарық бағамын алуға мүмкіндік береді. Жақын арада Қазақстан Республикасы Биржа комитетінде Ахуал орталығы жұмыс істей бастайды. Мемлекет басшысы ұн нарығының ерекшелігін және оның экспорттық әлеуетін ескере отырып, ұнды биржалық тауарлардың тізіміне қосуға ерте деп шешті, - делінген хабарламада.

Серік Жұманғарин Президенттің кірме жолдарға қол жетімділікті талдау жөніндегі тапсырмасын орындау барысында жүк алушыларға арналған тасымалдаушылардың вагондарды құруын реттейтін ережелер әзірленіп, жолдарда жөндеу жұмыстарының уақыты белгіленгенін айтты. Сондай-ақ, осы аптада монополияларға қарсы сәйкестік актісіне қол қойылып, баламалы тасымалдаушылардың барлық бағыттарына қол жетімділік қамтамасыз етіледі.
– Қазіргі уақытта Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Богатырь Көмір» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, «Эйр Астана» акционерлік қоғамына, «Скат» акционерлік қоғамына қатысты, сондай-ақ, дәрілік заттар нарығындағы монополияға қарсы тергеулер жүргізіп жатыр, - делінген Ақорда хабарламасында.
Президент бәсекелестікті одан әрі дамытуға, құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды жақсартуға, сондай-ақ дәрі-дәрмектер мен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының нарықтарын реттеуге қатысты тапсырмалар берді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық