«Эйр Астана» басшысының әйелі блогер Денис Кривошеевті айыптады
Cурет: Татьяна Фостердің instagram парақшасынан алынды
«Эйр Астана» әуе компаниясы басшысының әйелі Татьяна Фостер блогер Денис Кривошеевті жала жапты деп айыптады.
«Эйр Астана» әуе компаниясы басшысының әйелі Татьяна Фостер блогер Денис Кривошеевті жала жапты деп айыптап, сотқа беретінін айтты. Ол Instagram желісінде көрсетілген қымбат әшекейлердің жарнамалық серіктестікі екенін айтты.
Блогер Денис Кривошеев Air Astana билеттерінің бағасын Татьяна Фостер Instagram желісінде көрсеткен әшекей бұйымдарының құнымен байланыстырды. Блогер әйел қымбат әшекей бұйымдарды күйеуі әуе компаниясының басшысы Питер Фостерден сыйлық ретінде алғанын айтқан.
«Болжам бойынша, «Графф» сақинасының құны 235 миллион теңге, ал оның «Эйр Астанадан» түсетін табысы шамамен 280 миллион теңге. Қалай ойлайсыз, ол жалақысын толық әйелінің қолына ұстатты ма, әлде бұл жалақыдан тыс табыс па?» деп жазды Кривошеев Facebook парақшасында.
Татьяна Фостер Orda.kz тілшісіне қымбат әшекейлері бар жазбаның шын мәнінде жарнама екенін айтты.
— Мен Денис Кривошеевтің менің Instagram желісіндегі Farro компаниясымен жасаған соңғы жарнамалық жазбамды пайдаланып, жала жабуға барғанына ренжідім. Бұның жарнама екені қолмен қойғандай көрсетілген, - дейді ол.
Татьяна Фостер өз парақшасында мұндай ынтымақтастық аз емес екенін атап өтті.
— Мен брендтермен коммерциялық шартпен жұмыс істеймін, бірақ бұл заттар маған тиесілі емес. Олар мен үшін және менің отбасым үшін өте қымбат тұрады. Бұл инстаграмдағы менің жеке бизнесім. Басқаларға қарағанда мен жұмысымды жылдар бойы дамытып келемін, серіктестермен жұмыс істеймін және жалпы өзімнің аз да болса тәуелсіз табысым бар екенін мақтан тұтамын. Мен Денис Кривошеевтің кешірім сұрауын талап етемін, әйтпесе, жаладан қорғану үшін сотқа жүгінуге мәжбүр боламын, - деді Татьяна Фостер.
Жаңалықтар
- Нұрай Серікбайдың өлімі бойынша сот үкімі шықты: Өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы берілді
- Телефоны мен Telegram-ды тексерген: Әнші Нұрбек Айқынбаев Алматы полицейлеріне шағымданды
- Динара Сәтжан мен Баян Алагөзова туралы даулы пікір айтқан Бағдагүл емшіге сот үкімі шықты
- ІІМ қазақстандықтардың жеке деректері сатылды деген ақпаратқа өз жауабын берді
- Қазақстан президенті АҚШ-та өтетін G20 саммитіне қатысады
- Бұрынғы әйелінің бетіне қышқыл шашып күйдіріп, қашып кеткен адам ұсталды
- Қазақстанда Telegram неге істемей қалды? Цифрлық даму министрлігі мен «Қазақтелеком» түсіндірді
- Күннің толық тұтылуы: Астрономиялық құбылысты бірнеше ел тамашалады
- Науқас отадан кейін ішінде қалған дәкемен екі ай қиналып жүрген
- Жалған қажылық ұйымдастырып, жұрттан 60 млн теңге жинап алғандар сотталды
- Қайсар Қамза ісінің жай-жапсары: ҚМА тағы төрт күдіктінің аты-жөнін атады
- Алматыда қойма өртеніп жатыр: Өртті сөндіруге 63 маман тартылды
- Ресейлік стример Fasoollka арандату сөздерін айтқаны үшін елден шығарылды
- Туған нәрестесін 800 мыңға саудалап, 100 мың теңгеге сатпақ болған әйел сотталды
- Балаларды зорламақшы болған АИТВ жұқтырған адам 20 жылға сотталды
- Су күніне екі сағат қана беріледі: Ақши тұрғындары 10 жылдан бері мәселенің шешілуін күтіп жүр
- Министрлік eGov бұзылып, 15 млн адамның дерегі тарап кетті деген ақпаратқа түсініктеме берді
- Түркістан облысында тұрғын үйдегі шаруашылық құрылысы өртенді
- Өскелең ұрпаққа өнеге: Тоқаев бір топ қоғам қайраткеріне мемлекеттік награда тапсырды
- Елімізде өзге этнос өкілдері балаларын қазақ сыныптарына жиі бере бастады