«Эйр Астана» әуе кемелерін ауыстырған кезде жолаушыларды алдын ала хабардар етуге міндеттенді
Көлік вице-министрі Талғат Ластаев авиакомпания өкілдерімен жұмыс кеңесін өткізді.
Көлік вице-министрі Талғат Ластаев «Эйр Астана» әуе компаниясының өкілдерімен жұмыс кеңесін өткізді, деп хабарлады мекеменің баспасөз қызметі.
Кездесуге «Эйр Астана» әуе компаниясының ұшақтарын жолаушыларға алдын ала тиісті хабарламасыз, қызмет құны тең емес FlyArystan ұшағына ауыстыру жағдайларының көбеюі себеп болды.
«2023 жылы авиакомпания 31 588 рейсті орындады, оның ішінде «Эйр Астана» әуе компаниясының ұшақтары 226 рейсте FlyArystan ұшағына ауыстырылды, бұл орындалған рейстердің жалпы санының 0,7 пайызын құрайды» делінген хабарламада.
Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев мынадай тапсырма берді:
- - «Эйр Астана» әуе кемелерін FlyArystan әуе кемелеріне ауыстыру тәжірибесін барынша азайту бойынша шаралар қабылдау;
- әуе кемелерін ауыстыру кезінде жолаушыларды алдын ала хабардар ету жұмысын қамтамасыз ету және ұйымдастыру;
борт ауыстырылған жағдайда жолаушыларға өтемақы төлеу тәртібі бойынша ұсыныстар әзірлеу;- «Эйр Астана» резервтік ұшақтарының санын бірден екіге дейін ұлғайту шараларын қабылдау.
Көлік министрлігі рейс мәртебесі өзгерген кезде жолаушылар құқықтарының сақталуын бақылауды жалғастырады және бұзушылықтар анықталған жағдайда әкімшілік шаралар қабылдайтын болады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық