«Эйр Астана» АҚ қатысты монополияға қарсы тергеу жүргізіліп жатыр
Ақорда сайтынан
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасы Серік Жұманғарин президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті.
Ақпарат Ақорда сайтында жарияланды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазіргі уақытта Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Богатырь Көмір» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, «Эйр Астана» акционерлік қоғамына, «Скат» акционерлік қоғамына қатысты, сондай-ақ, дәрілік заттар нарығындағы монополияға қарсы тергеулер жүргізіп жатыр.
Одан бөлек кездесуде сауда биржасы жүйесінің іске қосылғаны туралы айтылды. 2021 жылдың 25 наурыз күні битумның саудасы басталған. Ал 31 наурызда жанар-жағармай, сәуір айының басында көмір саудаға түсе бастайды. Бұл өз кезегінде нарықтың ашықтығын қалыптастырып, оған болжам жасау тиімділігін арттыра түседі және нақты нарық бағамын алуға мүмкіндік береді. Жақын арада Қазақстан Республикасы Биржа комитетінде Ахуал орталығы жұмыс істей бастайды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы бәсекелестікті қорғау жөніндегі жаңа заң жобасымен танысты.
Президент бәсекелестікті одан әрі дамытуға, құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды жақсартуға, дәрілік заттар мен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары нарықтарын реттеуге қатысты бірқатар тапсырма берді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық