«Эй, йоу орыстар» әнін қолданғандар жазаланады
Коллаж Orda.kz
«Эй, йоу орыстар» атты рэп айналасындағы дауға қатысты ақпарат және мәдениет минстрлігі Orda.kz сайтына берген ресми жауабында әннің барлық медиа плаформалардан жойылатынын хабарлады.
Orda.kz 21 қаңтар «Эй, йоу, орыстар» атты рэпке қатысты «туындының» авторы кім әрі неліктен көптеген медиа плаформаларда емін-еркін таралып кеткен рэпке құқық қорғау органдары қазір ғана назар аударып отырғаны жайлы материал жариялаған болатын.
Ақпарат және мәдениет министірлігі, редакацияның сауалына қатысты, министрлік бұл рэптің таралуын анықтап еліміздегі барлық әлеуметтік желілерден жойылатынын мәлімдеді.
«Мониторинг барысында осы материалдың немесе оның бөліктерінің 22 шетелдік интернет-ресурстарда, оның ішінде «TikTok» (12), «YouTube» (8) және «ВКонтакте» (2) платформаларында таралғаны анықталды. Барлық анықталған материалдар бойынша интернет-ресурстар мен платформалар әкімшілеріне оларды жою туралы хабарламалар жіберілді» деп мәлімдеді министрлік.
Сонымен қатар, министірлік 2024 жылы интернет желісіне жүргізілген мониторинг барысында ұлтаралық араздықты қоздыруға бағытталған ақпарат таратуға қатысты бұзушылық белгілері бар 392 материал анықталып, олар бойынша құқықтық шаралар қолданылғаны айтылды.
Сондай-ақ, «QazNews24» парақшасында жарияланған материалға қатысты министрлік «Meta Platforms Inc» компаниясына заңбұзушылық пен және материалды жою бойынша шара қабылдау туралы хабарлама жібергендігін мәлімдеді.
Осы рэпті қолданған азаматтарға шара қолданылатынын жеткізді.
«Әлеуметтік желілерде осы әнді пайдаланып ақпарат жариялаған басқа тұлғаларды жауапкершілікке тарту мәселесі бойынша мониторинг барысында анықталған материалдар ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне олардың құзыреті шеңберінде қарау үшін жолданады. Құқыққа қайшы контент жариялаған тұлғаларды анықтау қылмыстық іс аясында жүзеге асырылады. Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабына сәйкес, бұл жауаппен келіспеген жағдайда, Сіз оған шағымдануға құқылысыз», дейді министрлік.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық