Яна Легкодимованы өлтіріп, өмір бойына сотталғандар апелляциялық шағым түсірді
Фото: әлеуметтік желіден
Атыраудағы Яна Легкодимованы қатыгездікпен өлтіру ісі бойынша өмір бойына бас бостандығынан айырылған екі сотталушы үкімге апелляциялық шағым түсірді. Олардың қорғаушылары өмір бойына кесілген жазаны жеңіл жазаға ауыстыруды сұрап отыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Жәбірленуші тараптың өкілі Ажар Әбділдің айтуынша, апелляциялық шағым алдын ала берілген. Өйткені заң бойынша үкім шыққаннан кейін 15 күн ішінде шағым беру қажет.
«Қазіргі уақытта тек алдын ала апелляциялық шағым берілді. Қорғаушылар үкімді толық зерттеген соң оны нақтылап, дәлел-дәйектерін толықтыра алады», — деді ол.
Еске салсақ, қараша айында Атырау қалалық соты Алтынбек Катимов пен Ризуан Қайыржановты алдын ала сөз байласып адам өлтірді деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар, сот оларды марқұмның анасына моральдық және материалдық шығын ретінде өтемақы төлеуге міндеттеді.
Қазір іс апелляциялық сатыда қаралуда. Жәбірленуші тарап әділ жаза күшінде қалатынына үмітті.
Айта кетейік, Атырауда Яна Легкодимова ісін ашқан тергеушіге мерзімінен бұрын майор атағы берілді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық