Ұйғыр ауданының жастары аудан атына қатысты президентке хат жолдады
Алматы облысы Ұйғыр ауданының жастары екі мың адамның қолы қойылған ашық хатты ел президенті мен жауапты органдарға жолдады. Хаттағы шешімін таппаған мәселе Ұйғыр ауданының атауы ретінде көрсетілген. Мәтінді жазушы, журналист Қанат Әбілқайыр өз facebook парақшасында жариялады.
Ашық хатта көрсетілген тұлғалар: тұңғыш президент, қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Н.Ә.Назарбаев, қазіргі президент Қ.К.Тоқаев, ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы К.Қ.Мәсімов, президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Д.Ә.Абаев, Алматы облысының әкімі Қ.А.Бозымбаев.
«Тәуелсіздік таңының атқанына 30 жыл болды. Осы уақыт ішінде өстік, өркендедік, дамыдық. Барлық сала алға басты. Бірақ әлі күнге шешімін таппаған күрделі мәселелелер аз емес. Сондай күрделі дүниелердің бірі – Алматы облысына қарасты Ұйғыр ауданының атын ауыстыру» деп басталған хат мәтінде Алматы облысының экс-әкімі уәдесін орындамағаны жазылған.

Сонымен қатар, хатқа қол қойғандардың арасында өзге ұлт өкілдері де бар екені айтылған.
«Сондықтан біз осы хатқа қол қойған аудан жастары (Барлығы екі мыңнан аса азамат пен азаматшалар. Қол жинау жалғасуда) ауданымыздың тарихи атауы «Қарадаланы» еншілеп берулеріңізді сұраймыз. Осы хатқа қол қоюшылар арасында тіпті өзге ұлттың, нақтырақ айтсақ, ұйғыр, орыстардың да бар екенін аңғару қиын емес» делінген жазбада.
Ел президенті мен баспасөз хатшылары белгіленген жазбада аудан атауын «Қарадала» деп ауыстыру ұсынылған. Толық мәтін төменде:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық