Израильдің соққысынан бір тәулікте 78 адам қаза тапты
Фото: Elements Envanto
Бір тәуліктің ішінде Израиль армиясының Газа секторына жасаған әуе шабуылдарынан кемінде 78 палестиндік қаза тапты, деп хабарлайды Orda.kz.
Катарлық Al Jazeera телеарнасының мәліметінше, израильдік әскери күштер палестин анклавын бомбалауды жалғастырып, соңғы 24 сағат ішінде ондаған адамның өмірін қиған.
Телеарна соңғы апталарда гуманитарлық көмек алуға келген палестиндіктердің де жаппай қаза тауып жатқанын атап өтті. Газа секторындағы Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сүйенсек, Израиль мен АҚШ-тың қатысуымен құрылған GHF – Гуманитарлық көмек қорының тарату бекеттеріне келген кезде 743 адам мерт болып, 4800-ден астамы жарақат алған.
Газа министрлігінің ақпаратына сәйкес, қарулы қақтығыс басталғалы бері 57,3 мыңнан астам палестиндік көз жұмып, шамамен 136 мың адам жараланған.
Израиль тарапы бұл деректерге қатысты ресми түсініктеме берген жоқ. Қақтығыс аймағында гуманитарлық ахуал күн сайын ушығып барады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық