Израильдің әуе шабуылдарынан қаза болған құрбандар саны 550-ден асты
Фото: AFP
Израильдің Ливан территориясына жасаған соңғы әуе шабуылдарынан кем дегенде 569 адам қаза болды, деп хабарлайды Orda.kz.
BBC ақпараттарына сүйенсек, қаза болғандардың ішінде 50 бала мен 94 әйел бар. Бұл шабуылдар дүйсенбіден бері жалғасып, 1800-ден астам адам жарақат алды.
Ең көп зардап шеккен аймақтардың бірі — Бейруттың оңтүстігінен 20 шақырым жерде орналасқан Джия-Саадият. Жергілікті билік инфрақұрылымның елеулі зақымдалғанын және гуманитарлық дағдарыстың болып жатқанын хабарлады. Дәрігерлер мен құтқару қызметтері шабуылдардан соң көмек көрсете алмай қиналып жатыр.
Израиль қорғаныс әскерінің өкілі Даниэль Хагари сейсенбіде Израиль әскери-әуе күштері Бейрутты нысанаға алып, «Хезболла» зымыран күштерінің қолбасшысы Ибрахим Кубаисиді ғана емес, кем дегенде тағы екі командирді өлтірді деп мәлімдеді. Хагаридің айтуынша, Кубаиси соңғы күндері Израильге шабуылдауға, соның ішінде сейсенбіде 300 реактивті снарядты ұшыруға жауапты болған.
Сейсенбі күні таңертең Хезболла Израильге ондаған зымыран ұшырды. Олардың көбі тоқтатылды. Бірақ соның өзінде кейбірі ғимараттарды қиратты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық