Израильдің әскери кабинеті Хамаспен бітім келісімін мақұлдады
Фото: ©️ Kobi Gideon/GPO
Израиль үкіметі Хамаспен Газа секторында атысты тоқтату және израильдік кепілге алынғандарды босату туралы келісімді ақыры мақұлдады. Бұл туралы 18 қаңтарға қараған түні Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху кеңсесі мәлімдеді, - деп хабарлайды Orda.kz DW сайтына сілтеме жасап.
Премьер-министр кеңсесі атысты тоқтату және кепілге алынғандарды босату жексенбі, 19 қаңтарда басталатынын хабарлады. Министрлер кабинетінің отырысы сегіз сағатқа созылды.
Америкалық Axios порталының хабарлауынша, Нетаньяхудың коалициялық үкіметіндегі 24 министр келісімге дауыс берсе, сегізі қарсы болған. Үкімет отырысы еврейлердің сенбі күні жұмыс жасамау дәстүрін бұза отырып өтті, бұл өте ерекше әрі маңызды жағдайларда ғана болады.
Бұған дейін Израильдің әскери-саяси кабинеті ел үкіметіне Газа секторында атысты тоқтату және кепілге алынғандарды босатуға бағытталған Хамаспен келісімді қабылдауды ұсынған. Премьер-министр Беньямин Нетаньяху кеңсесі жұма күні, 17 қаңтарда жариялағандай, келісім содан бері министрлер кабинетінің қарауына жіберілді.
15 қаңтарда Израиль мен Еуропалық Одақ пен АҚШ лаңкестік деп таныған палестиналық Хамас тобының өкілдері атысты тоқтату және кепілге алынғандарды айырбастау туралы келісімге келгені белгілі болды.
Келісім бірінші кезеңде 42 күндік атысты тоқтатуды және Газа секторында барымтадағылардың бір бөлігін босатуды көздейді. Жауап ретінде Израильдегі палестиналық тұтқындар әрбір израильдік азаматқа 30 палестиналық және әрбір әскери қызметкерге 50 палестиналық азамат босатылуы керек.
17 қаңтарда израильдік БАҚ келісімнің бірінші кезеңі аясында Израиль түрмелерінде ұсталған палестиналық тұтқындарға айырбасталатын 33 адамның тізімін жариялады. Израиль билігі тізімдегі адамдардың көпшілігі тірі деп есептейді, дегенмен кепілге алынғандардың жағдайы туралы нақты ақпарат жоқ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық