Израильді наразылықтардың жаңа толқыны шарпыды
Ел бойынша ондаған шерулер өтті, тек Тель-Авивте 160 000-нан астам адам наразылық білдіріп, көшеге шықты.
Сенбі күні кешке Израильде жаппай наразылықтың жаңа толқыны болды. Бұл қатарынан 30-шы сенбі өтіп жатқан шеру. Анадолы газеті Биньямин Нетаньяху бастаған үкімет жүргізіп жатқан сот реформасына қарсылығын білдіру үшін ондаған мың адамның көшеге шыққанын жазады.
Ең ауқымды наразылық Тель-Авивте өтті, онда ондаған мың демонстранттар жиналды. Полицейлер бірқатар заңбұзушылықтарды, атап айтқанда, петардаларды ұшыру фактілерін айтып, тәртіп бұзушылардың ұсталатынын ескертеді. Кейбір деректерге қарағанда, Тель-Авивтегі наразылық акциясына 160 мыңға жуық адам шыққан.
Кешке 2 мыңнан астам адам жиналған Реховот қаласында демонстрация басталды. Мыңдаған демонстранттар да жиналған Қарқұр қиылысында полицейлер су атқыш орнатып, демонстранттарға қоғамдық тәртіпті сақтап, көлік қозғалысына кедергі жасамауды ескертті.
Хайфада наразылық білдірушілер Кармельден Хорев қиылысына дейін жүрді, полиция негізгі митинг өтіп жатқан қиылысқа апаратын барлық жолдарды жауып тастады.
Өткен сенбідегідей, ел бойынша 150 орында наразылық шерулері өтеді, олардың ең ауқымдысы қашан да Тель-Авивтегі демонстрация болып отыр.
Сот реформасына қарсылар 30-шы сенбі қатарынан жаппай наразылық шерулерін өткізіп жатыр. Дегенмен, бұл оппозицияның жаппай наразылығына қарамастан, даулы реформаның бірінші бөлігін құрайтын заң ақыры мақұлданған апта басынан бері ұйымдастырылған алғашқы ірі шеру.
Кнессет (Израиль парламенті) дүйсенбі күні сот реформасының негізгі және ең даулы элементтерінің бірі болатын парасаттылық принципі туралы заңды соңғы оқылымда мақұлдады. Сәрсенбі күні құжат күшіне енді.
Бұл заң бойынша Израиль Жоғарғы сотының өкілеттігі шектеледі. Осы уақытқа дейін ең жоғарғы соттың заң тұрғысынан негізсіз деп саналатын кез келген үкімет шешіміне тосқауыл қою құқығы болады. Реформа сот билігінің осы өкілеттігін шектейді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық