«Израиль жазасыз қалмайды»: Иран Жамқаран мешітінің үстіне қып-қызыл «кек туын» көтерді
Фото: fars
Иранның Құм қаласындағы Жамқаран мешітінің күмбезіне қызыл ту көтерілді, деп хабарлайды Orda.kz.
Fars басылымының мәліметінше, Иранның шиіт қауымында бұл белгі ауыр қаза немесе саяси-діни шиеленіс кезінде көтеріледі. Мамандардың пікірінше, бұл қадам қатерлі сес көрсету болуы мүмкін.

13 маусымға қараған түні Израиль Ирандағы негізгі әскери және ядролық нысандарға әуе соққысын жасады. Әскери-әуе күштері Натанз аймағындағы әскери базаларға, зымыран кешендеріне және ядролық инфрақұрылымына шабуылдаған.
Израильдің қорғаныс министрі Исраэль Кац елде төтенше жағдай жариялап, Иранның жақында қарымта соққы беретінін ескертті. Ал Израильдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху бұл операцияны «өте сәтті» деп бағалады.


Соққы тек инфрақұрылым нысандарына емес, сонымен қатар жоғары лауазымды әскери тұлғалар мен ғалымдар тұратын кешендерге де бағытталған. Қаза тапқандар арасында Ислам революциясы сақшылар корпусының қолбасшысы Хоссейн Салами мен ядролық физиктер бар.
«Біз алғашқы соққыны өте сәтті жүзеге асырдық. Құдайдың көмегімен біз бұдан да зор жетістіктерге жетеміз», — деді Нетаньяху бейнеүндеуінде.
Оның айтуынша, шабуыл Ираннан төнетін қатер толық жойылғанша жалғаса бермек.
Иран жетекшісі аятолла Али Хаменеи қатаң мәлімдеме жасады
«Бүгін таңсәріде сионистік жүйе қасиетті жерімізде арам әрі аяусыз қылмыс жасады. Олар зұлым әрі қанға боялған қолдарымен тұрғын үйлерді нысанаға алып, өздерінің жауыз табиғатын бұрынғыдан да айқын көрсетті. Бұл қатал жазаға лайық қылмыс. Құдай қаласа, Ислам Республикасының қуатты қарулы күштері Израильдің бұл әрекетін жазасыз қалдырмайды», — деді Иранның рухани көшбасшысы Али Хаменеи.
Ирандық БАҚ-тың хабарлауынша, шабуыл салдарынан 50-ден астам адам, соның ішінде әйелдер мен балалар Тегеран ауруханаларына жеткізілген. Қаза тапқандар туралы нақты дерек жоқ.
Иран жауап беруге дайын
Сарапшылардың айтуынша, Иран баллистикалық зымырандармен шабуыл жасап немесе Ливан, Сирия және Йемендегі одақтас исламшыл топтармен бірге күш біріктіріп соққы беруі мүмкін.
АҚШ президенті Дональд Трамп Израильдің шабуылы жөнінде Вашингтон алдын ала білгенін, бірақ оған қатыспағанын айтты.
«Иранның ядролық қаруға ие болуына жол берілмейді. Біз келіссөздер үстеліне қайта отырамыз деп үміттенеміз. Көре жатармыз» — деді Трамп.
АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздерге делдал болып жүрген Оман Израильдің әрекетін қатаң айыптап, бұл Таяу Шығыстағы тұрақтылыққа үлкен қауіп төндіретінін ескертті. Осы демалыс күндері Оманда өтуі тиіс алтыншы келіссөз кезеңі енді өтпей қалуы мүмкін.
Осы оқиғадан кейін үш мемлекет, атап айтқанда Израиль, Иран және Ирак қауіпсіздік шарасын дереу қолданып, әуе кеңістігін бірден жапты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық