Израиль Палестина мемлекетін мойындаудан ресми түрде бас тартты
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Палестина мемлекеттілігін біржақты мойындаудан бас тартуды үкіметтің дауыс беруіне қойып, оны бірауыздан мақұлдады.
Бұл туралы BBC хабарлайды.
«Израиль палестиналықтармен тұрақты келісімге қатысты халықаралық талаптарды үзілді-кесілді қабылдамайды. Мұндай келісімге тек тараптардың тікелей келіссөздері арқылы, алғышартсыз қол жеткізіледі. Израиль Палестина мемлекетін біржақты тануға қарсы тұруды жалғастырады» делінген министрлер кабинеті бекіткен мәлімдемеде.
Израиль билігі мұндай мойындау «терроризм үшін үлкен сый және болашақ бейбіт келісімге кедергі болады» деп сенеді.
Осы уақытта БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі сейсенбі күні Алжир ұсынған Газада атысты тоқтату туралы қарарды дауысқа салады деп күтілуде.
Америка Құрама Штаттары қарар жобасы кепілге алынғандарды босату және ұзақ мерзімді бітімге қол жеткізу үшін жүргізіліп жатқан дипломатиялық күш-жігерді тоқтатып, маңызды келіссөздерге қауіп төндіруі мүмкін деп есептеп, вето құқығын пайдалануға ниетті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық