Израиль мен Палестина арасындағы әскери қақтығыс жаңа деңгейге көтерілді. Бұны соғыс деуге бола ма?
Сурет: timesofisrael.com
7 қазан күні таңертең Израиль қалаларында жарылыс пен оқ дауысы естілді. Палестиналық Хамас қозғалысы «Әл-Ақса дауылы» әскери операциясын жариялап, Израильге зымыран атқылай бастады.
Осыдан кейін әр жерде шабуыл басталды. Газа секторында орналасқан ХАМАС әскери бөлімдері Израиль мемлекеттік шекарасын кесіп өтті. Олар бақылау бекеттеріне шабуыл жасап, бейбіт елді мекендерді басып алды. Бірнеше сағаттан кейін Израиль премьер-министрі Нетаньяху болып жатқан оқиғаны ауқымды соғыс деп атауға болатынын мәлімдеді.
Таңертеңнен бастап әлеуметтік желілерде Израильдің оңтүстігіндегі түрлі елді мекендер мен қалалардан бейнежазбалар пайда бола бастады. Оларда палестиналықтар адамдарға оқ жаудырып, көптеген адамдарды тұтқынға алады. Израиль билігі Газа секторында лаңкестікке қарсы «Темір қылыштар» операциясының басталғанын жариялады. Алайда кейінірек премьер-министр Нетаньяху болып жатқан оқиғаны ауқымды соғыс деп атауға болатынын мәлімдеді.
«Мен резервтегілерді кең көлемде жұмылдыруға, жау бұрын білмеген күшпен оқ жаудыруға бұйрық бердім. Жау бұл ісі үшін бұрын-соңды болмаған құн төлейді», - деді премьер-министр ел азаматтарына арнаған үндеуінде.
Израиль қорғаныс күштері қорғаныс дайындығын күшейтті. Қорғаныс министрі Йоав Галлант резервтегілерді жаппай шақыру туралы хабарлады, деп мәлімдеді The Times of Israel. Израильдің Ұлттық қауіпсіздік министрі елде төтенше жағдай жариялады. Израиль президенті Исаак Герцог ХАМАС шабуылдарының артында Иран тұрғанын мәлімдеген болатын.
Израиль ақпарат құралдарының хабарлауынша, жараланғандар саны 900-ден асты, кем дегенде 100-і қаза тапқан.
Снарядтарға жауап ретінде Израиль Палестина территориясына жаппай зымырандық шабуылдар жасай бастады. Палестина Денсаулық сақтау министрлігі атқылау салдарынан 198 адамның қаза тауып, 1600-ден астам адамның жараланғанын хабарлады.
Батыс елдері бірден Израильді қолдап шықты. ХАМАС-тың әрекетін Франция президенті Эммануэль Макрон, Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Лейен, Ұлыбритания сыртқы істер министрі Джеймс Калверли, Германия сыртқы істер министрі Анналена Барбок, оның итальяндық әріптесі Антонио Тайни және Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан айыптады. АҚШ Израильге 8 миллиард доллар бөлетінін жариялады.
Ресей мен Сауд Арабиясы Палестина мен Израиль тараптарын тез арада атысты тоқтатуға, зорлық-зомбылықтан бас тартуға және қажетті ұстамдылыққа шақырды.
Иран мен Ливанның «Хезболла» қозғалысы Палестинаға қолдау көрсетті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық