Израиль мен Иран қақтығысы салдарынан жүздеген қазақстандық Катар астанасынан кете алмай отыр
Катар астанасының әуежайынан ұша алмай отырған жұрт қазақстандық дипломаттармен байланыса алмай жатқандарын айтып, бір-біріне балама ретінде басқа елдерге, ол жақтан Алматыға – өз қаражатына ұшуды ұсынып жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Иранның Израильге жасаған әуе шабуылына байланысты Қазақстанға қатынайтын әуе рейстері әлі іске қосылмай тұр. Көбісі Доха әуежайында 10 сағаттан астам болған, осы уақыт ішінде оларға бір рет азық-түлік купоны берілді - 60 дирхамға сэндвич немесе салат пен сусын сатып алуға болады. Қонақ үйге орналастыру туралы сөз де қозғалмайды, балалы жолаушылар түңіле бастады.
«Бізді кері бұрып, әуежайға жеткізген кезде, біз ұшаққа баратын автобуста отырдық. Qatar Airways Алматыға рейстер бар ма, жоқ па ол жағын айтпайды. Олар бомбалау - бомбаламау жағдайына қарайды. Балама ретінде бізге Мәскеуге немесе Тбилисиге рейс ұсынылды, бірақ ол жерден үйге өз қаражатымызбен жетуіміз керек, ал көбінің қосымша билет алуға ақшасы жоқ», - деді Орда.кz порталына Бали аралынан Қазақстанға оралмақшы алматылық Пак Геум Ок.
Қазақстанның Катардағы елшілігіне хабарласу әрекетінің барлығы әзірге сәтсіз аяқталды. Бойжеткеннің айтуынша, Доха әуежайының қызметкерлері жолаушыларға әуежайда транзиттік жолаушы ретінде бір тәуліктен артық жүруге болмайтынын, тәулік өтісімен әуежайдан шығуы керектігін айтқан.

Доха әуежайы, фото Orda.kz
Еске салайық, кеше түнде Иранның Сириядағы Иран консулдығына жасалған шабуылға жауап ретінде Иран Израильге 300-ден астам ұшқышсыз ұшақ пен қанатты зымырандар атты. Оқиға кезінде 13 адам, соның ішінде Ислам революциясы Сақшылар корпусының екі генералы қаза тапты.
Израиль, Иран, Тегеран, Иордания, Ливан және Ирактың әуе кеңістігі уақытша жабылды.
Жаңалықтар
- Маңғыстауда жауған нөсер мен дауылдан жүздеген жылқы қырылды, ұсақ мал да бар
- КХДР Жапон теңізі бағытына бірнеше баллистикалық зымыран ұшырды — БАҚ
- Украина Назарбаевқа арналған барельефті алып тастамайтын болды
- Қазақстан премьер-лигасы матчында «Қайрат» өз алаңында «Каспийді» жеңді
- Киев көшесінде өтіп бара жатқан адамдарға оқ жаудырған кісі алты адамды жер жастандырды
- Алматының әл-Фараби даңғылында көлік жарысы тоқтар емес
- Украина Ресейдің мұнай инфрақұрылымына ауқымды соққы жасады
- Сот Қашаған операторларының ірі көлемдегі айыппұлға қатысты апелляциясын қанағаттандырмады
- Иран Ормуз бұғазының қайта жабылғанын мәлімдеді
- Шымкентте ЖОО-ның 320 миллионын жымқырған сегіз адам сотталды
- Алаяқтар қасиетті сапарға да қол сұғып, 17 қажының ақшасын қалтаға басқан
- «Әскер барысы – 2026» турнирінің жеңімпазы анықталды
- Жолда қарсы келе жатқан екі жүк көлігінің арасынан саспай өткен ақтөбелік ғаламтор жұлдызына айналды
- Дропперлер қылмыстық жауапкершілікке тартылады
- Қазақстанда энергетикалық қауіпсіздік күшейтіліп, кемінде үш АЭС салынады
- Баян Алагөзова: «Қыз Жібектің» қамзолы 50 жыл ешкімге керек болмады
- Тоқаев Анталиядағы дипломатиялық форумда не айтты?
- Ормуз ашылды, бірақ қысым сақталады: Иран, Трамп және мұнай нарығы қалай өзгерді?
- Тоқаев БҰҰ-ды реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарау керегін айтты
- Министрлік Баян Алагөзованың «Қыз Жібек» фильміндегі киімге қатысты жариялаған жазбасына пікір білдірді