Израиль мен Хамас арасындағы қақтығыста 12 журналист қаза тапты
cpj.org
Құқық қорғаушылар Израиль мен Хамас арасындағы әскери қақтығыс басталғалы 12 журналистің қаза тапқанын хабарлады.
Журналистерді қорғау комитеті дабыл қағуда, Израиль мен Палестинада әскери қақтығыс басталғаннан бері әртүрлі басылымдардың 12 журналисі қаза тапты. Тағы сегізі түрлі жарақат алды, екеуі із-түзсіз жоғалды. Оның үстіне барлық журналистердің бұл адамдардың баспасөзге жататынын айқын көрсететін міндетті құрал-жабдықтары болды,
Журналистер Израильдің жердегі шабуылдары, жойқын израильдік әуе шабуылдары, байланыс үзілістері және электр қуаты жоқ жағдайда қақтығысты көрсетуге тырысқанда ерекше тәуекелдерге тап боланы белгілі. Хамастың Израильге шабуылынан кейінгі алғашқы сегіз күнде 10 палестиналық журналистің қаза тапқаны расталды. Сонымен қатар, бір израильдік журналист қаза тауып, екіншісі із-түзсіз жоғалды, деп жазады құқық қорғау ұйымы.
Қаза тапқандар арасында әл-Ақса радиосы, Reuters, Хабар агенттіктерінің операторлары мен журналистері, сондай-ақ әртүрлі шетелдік басылымдардың фрилансерлері мен фототілшілері бар. Құқық қорғаушылар толық тізімді өз сайтында жариялап, оны үнемі жаңартып отырады.
Айта кетейік, 13 қазанда Бейруттен Reuters агенттігінің бейнеоператоры Иссама Абдалла да қаза тапқан. Агенттік журналисі Ливан-Израиль шекарасына жақын орналасқан Алма аш-Шааб ауылына жақын жерде болған, ол AFP және Al Jazeera қызметкерлері де бар тілшілер тобында болған. Сол күні Израиль шабуылынан тағы алты журналист жараланды.

Ал Бейрут Израильдің Ливан азаматы болған журналисті «әдейі өлтіргені» үшін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне шағым түсірмек болған. Израильдің БҰҰ-дағы елшісі Гилад Эрдан журналистің өліміне былай деп жауап берді: «Әрине, біз өз жұмысын атқарып жүрген журналистерді өлтіргіміз немесе атқымыз келмейді. Бірақ сіз білесіз бе, соғыс кезінде бәрі болуы мүмкін».
Бірақ бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларына қарағанда журналистердің көбі шабуыл кезінде қаза табады. Құқық қорғаушылар қақтығыс болып жатқан елдерден журналистерге тиіспеуге және кәсіби қызметін атқаруға мүмкіндік беруге шақырады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық