Израиль Иранның ядролық және мұнай нысандарына соққы беруі мүмкін
Фото: infosmi.net
2024 жылдың 2 қазанында Иран ресми түрде Израильге қарсы ракеталық шабуылды аяқтағанын жариялады, деп хабарлайды Orda.kz Al Jazeera сілтеме жасап.
Кеше болған шабуыл Израильге жасалған ең ірі әскери шабуыл болды. Ирандықтар Израильге 200 ракета ұшырып, олардың көбісі әуеден жіберілді.
Осыған жауап ретінде Израиль мен АҚШ жақын күндері соққы беруге уәде еткенін әлемдік БАҚ жарыса жазуда. Бұл соққылар Иранның мұнай және басқа стратегиялық нысандарына бағытталуы мүмкін, деп жазады американдық Axios жаңалықтар сайты израильдік шенеуніктерге сілтеме жасап.
Иран билігінің мәліметінше, ракеталық шабуыл тек 3 израильдік әскери базаға бағытталды. Иранның сыртқы істер министрі Аббас Аракчи егер «израиль режимі әрі қарай кек қайтаруды жалғастырмаса», олардың әрекеттері аяқталғанын мәлімдеді.
«Израиль шенеуніктерінің айтуынша, егер бұл жағдай орын алса, Иранның ядролық нысандарына соққы беру сияқты барлық нұсқалар қарастырылатын болады», деп хабарлайды Axios.
Израильдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху ирандық шабуылды «үлкен қате» деп, Иранның бұл үшін жауап беретінін айтты. Вашингтон өз кезегінде, Америка Иранға бұл істегендерінің салдарына қатты өкінетінін мәлімдеді.
Сонымен қатар, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Таяу Шығыс шиеленісіне қатысты отырыс өткізуді жоспарлап отыр, ал Еуропалық Одақ соғысты дереу тоқтатуға шақырды.
Жаңалықтар
- Маңғыстау даласын қоқыс жапты: Аймақ даулы бейнежазбадан кейін тазартылды
- Тоқаев Моңғолия президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
- БҚО-да тойға келгендер полиция бөлімінен бір-ақ шықты
- Алматыдағы Розыбакиев көшесіне Шаханов есімін беру ұсынылды
- 2027 жылы ҰБТ-ға балама тест болады
- Алматы жұртшылығы Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
- Тоқаев: Моңғолиямен ортақ тарих біріктіретін біртұтас тамырланған көшпелі өркениет ұрпағымыз
- Қазақстандағы екінші АЭС Мойынқұм деп аталады
- АҚШ пен Иран арасындағы кезекті келіссөз қашан өтеді?
- Ерболат Досаев тағы бір қызметінен айырылды
- Мексикадағы пирамида маңында атыс болды: Екі адам қаза тапты
- Иран билігі АҚШ-пен келісімге келу үшін делегация жіберді
- Тим Кук Apple компаниясының бас директоры қызметінен кетеді
- Мұхтар Шаханов қайда жерленетіні белгілі болды
- Залал 2 млрд теңге: Петропавлда көлік өтпежолын салуға бөлінген бюджет қаржысы жымқырылған
- Қазақтың біртуар өршіл ақыны Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр
- Астанада төрт тонна қауіпті сұйықтық құйылған 200 канистр табылды
- Ақсу қаласында зауытта жұмысшы қаза тапты
- Меркеде шенеуніктер жетім студенттердің ақысын жеген
- Қазақстан мен Моңғолия геологиялық барлау, мұнай өндіру салаларына заманауи технология енгізу туралы келісті