Израиль Иранға әуе шабуылын жасады
Фото: Pixabay
Израиль армиясы сенбі, 26 қазанға қараған түні Ирандағы аты аталмаған әскери нысандарға жауап шабуылы жасалғанын хабарлады, деп хабарлайды Orda.kz DW басылымына сілтеме жасап.
«Иран режимінің Израиль мемлекетіне бірнеше ай бойы үздіксіз шабуылдарына жауап ретінде Қорғаныс күштері қазір Ирандағы әскери нысандарға нысаналы соққы беруде» делінген ЦАХАЛ мәлімдемесінде.
Ирандық БАҚ Тегеран тұрғындары мен астана маңындағы аудандардың бірінде бірнеше жарылыс естігенін хабарлады. Иранның мемлекеттік телеарнасында бұл әуе қорғанысының жұмысы болуы мүмкін деген нұсқа болды.
NBC News хабарлауынша, нысаналар Тегерандағы казармалар мен қару-жарақ қоймасы болған. Ирандық дереккөздерге сілтеме жасаған Channel 12 арнасының хабарлауынша, соққы алған нысандар арасында Ислам революциясы Сақшылар корпусының (ИРСК) командалық пункті болған.
26 қазан күні таңертең Израиль армиясының өкілдері Ирандағы операцияның аяқталғанын хабарлады.
«Ұшақтарымыз аман-есен елге оралды. Жауап беру соққысы аяқталды, миссия орындалды» делінген Израиль армиясының мәлімдемесінде.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық