Израиль әскері Газа секторының орталығына жақындады
Израиль қорғаныс күштері (ЦАХАЛ) Газа секторының солтүстігінде Хамас қозғалысы мүшелерімен ауыр шайқас жүргізіп жатыр.
Израиль әскерлері Газаның орталық бөлігін қоршауға тырысып жатқан көрінеді.
The Guardian газетінің 30 қазанда жазғанындай, танктердің қолдауымен ЦАХАЛ жаяу әскері Газа секторының солтүстігінде Хамас содырларымен соғысып жатыр. Израиль армиясы құрлықтағы әскери операциясын кеңейтіп, Газаның орталығына қарай жылжып, оны қоршауға алуда.
Хамас шенеуніктері Израиль күштерімен «ауыр шайқасқа» қатысқанын растады.
Қақтығыс Палестина анклавының оңтүстігіндегі Хан-Юнис қаласының маңында да болды. Израиль танктері батыс жағалаудан Газа секторының орталығына қарай жылжыды.
Израиль тағы да Газа тұрғындарын оңтүстікке эвакуациялауға шақырды және ХАМАС-ты медициналық мекемелердің жанында командалық орталықтар құрды деп айыптады. Сондай-ақ Израиль тарапы 14 мыңға жуық адам жатқан әл-Құдс ауруханасын бір аптада екінші рет тез эвакуациялауға шақырды. Палестина Қызыл Ай әл-Құдстан науқастарды тасымалдаудан бас тартты. Өйткені эвакуация кезінде көбісі аман қалмайды деп уайымдауда.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық