Израиль армиясы Хезболла жетекшісі Насралланың көзін жойғанын хабарлады
Фото: ҚазАқпарат
Израиль қорғаныс күштері (ЦАХАЛ) радикалды шииттік «Хезболла» қозғалысының басшысы Хасан Насралланың көзі жойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz DW сайтына сілтеме жасап.
Израиль армиясының хабарлауынша, Хасан Насралла лаңкестік топтың Бейруттегі штаб-пәтеріне жасаған соққыдан қаза тапқан.
«Хезболла» лаңкестік ұйымының жетекшісі және оның негізін қалаушылардың бірі Хасан Насралла Хизболланың оңтүстік майданының қолбасшысы Али Карки және басқа да Хизболла қолбасшыларымен бірге Израиль армиясы күшімен жойылды», делінген Израиль армиясы таратқан мәлімдемеде.
Содырлардың жетекшісі бір күн бұрын Бейруттың оңтүстігіндегі Дахия ауданындағы топтың штаб-пәтеріне Хезболла басшылығы кездесу өткізіп жатқан кезде жасалған «дәл әуе соққысы» нәтижесінде көзі жойылды, деп хабарлады ЦАХАЛ.
Хасан Насралла Ливандағы радикалды шииттік қозғалысты отыз жылдан астам басқарды.
«Ол билікте болған 32 жыл ішінде көптеген Израиль азаматтары мен сарбаздарының өліміне, сондай-ақ бүкіл әлем бойынша мыңдаған лаңкестік шабуылдардың жоспарланып орындалуына жауапты болды, салдарынан әртүрлі ұлттардың бейбіт тұрғындары қаза тапты», деп мәлімдеді Израиль әскерилері.
Бұған дейін бірқатар израильдік БАҚ Насралланың өлімі туралы хабарлаған болатын. Сонымен бірге Reuters және AFP ақпарат агенттіктері радикалды топтағы дереккөздерге сілтеме жасап, Хезболла жетекшісінің тірі екенін, ал ирандық Tasnim агенттігі Насралланың «қауіпсіз жерде» екенін мәлімдеген болатын.
Жаңалықтар
- Өрт ішінде қалған балаларды полицейлер ажалдан арашалап қалды
- Шерзат ісі: Тоқтаубаев пен Қалиахметтің үкімі өзгеріссіз қалды
- Алматыда колледж студентінен туберкулез анықталды
- 5,2 млрд теңгеден астам шығын келтірген: Мәсімовтың бұрынғы күйеу баласына қатысты істің мән-жайы белгілі болды
- Қазақстанда ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге дейін көтерілуі мүмкін
- Атыраудағы орталық мешітте педофилдің жаназасы шығарылған: ҚМДБ ресми жауап берді
- Терістеу
- Түркиядағы мектепке қарулы шабуыл: 18 адам зардап шекті
- Тоқаев Жетісу әкіміне «Достық» бекеті мен «Қорғас» арнайы экономикалық аймағындағы жұмыстарды тиімді ұйымдастыруды тапсырды
- АҚШ Ормуз бұғазындағы Иран порттарына әскери блокада енгізді
- Дарын Мубаровқа 865 000 теңге айыппұл салынды
- АҚШ Иранға ядролық қызметті 20 жылға «тоқтата тұруды» ұсынған — The New York Times
- Блогер Эльмира Төлегенова сотта кінәсін мойындады
- БЖЗҚ зейнетақы активтері 25,8 трлн теңгеге дейін өсті
- «Пайдасын олигархтар көреді, халық табысы өспейді»: Сарапшы елдегі жағдайды талдады
- Билік қазақ экономикасы 3 пайызға өскенін мәлімдеді
- Жүргізуші куәлігін алу тәртібі өзгереді
- Қырғызстанда ҰҚМК төрағасының тағы бір экс-орынбасары мен бірнеше қызметкер ұсталды
- Өскеменде автобуста қыздарды қол жүгірткен адамнан арашалаған жігітке депутат телефон сыйлады
- Иранның Ормуз бұғазын аша алмау «себебі» белгілі болды