Израиль 20 шілде күні кешке Йемен аумағына тікелей шабуыл жасады
Фото: Al Jazeera
Израильдің Йеменге соққысына қатысты БҰҰ Бас хатшысы бейбіт тұрғындар мен инфрақұрылымға зиян келтірмеуге шақырды, деп хабарлайды Orda.kz.
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Израильдің Йеменге жасаған соққысына үн қатып, қақтығысқа қатысушы тараптарды бейбіт тұрғындар мен инфрақұрылымға зиян келтірмеуге шақырды.
«Бас хатшы Йемендегі Ходейда порты мен оның төңірегіндегі аумақты нысанаға алған әуе шабуылы туралы хабарларға қатты алаңдаушылық білдірді. Израиль бұл шабуылдар үшін хуситтердің Израильге жасаған бұрынғы шабуылдарына жауап екенін атап өтті» делінген БҰҰ хатшысының өкілі жариялаған жазбада.
Гутерриш сонымен қатар аймақтағы жағдайдың одан әрі шиеленісу қаупіне «терең алаңдаушылық» білдірді. Ол тағы да барлығын барынша ұстамдылыққа шақырды.
20 шілдеде Израиль қорғаныс күштері (ЦАХАЛ) Йемендік Хуситтердің Ансар Аллах қозғалысының әскери нысандарына шабуыл жасағанын хабарлады. Бұған дейін хусит өкілдері Израильдің Ходейда портындағы мұнай қоймаларына шабуыл жасағанын айтқан болатын.
«Біраз уақыт бұрын ЦАХАЛ жауынгерлері соңғы айларда Израильге қарсы жасалған жүздеген шабуылдарға жауап ретінде Йемендегі Ходейда порты маңындағы хусит лаңкестік режимінің әскери нысандарына соққы берді» деп мәлімддеді ЦАХАЛ өзінің Telegram арнасында.
Хуситтер «бұл агрессияға» жауап беретініне уәде берді. Олар «жаудың өмірлік маңызды нысандарына» соққы беруді көздеп отыр. Сондай-ақ «Ансар Аллах» Газа секторын қолдау операцияларын тоқтатпауға уәде берді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық