Абақтыдағы Бақытгүл Хаменова лауазымынан әлі босатылмады
Бақытгүл Хаменова тергеудің біткенін абақтыда күтетін болды. Прокурорлардың талабынан соң сот оған қатысты шешімді қайта өзгерткен. Атырау облысы әкімінің орынбасары он күн бұрын ғана үйқамаққа ауыстырылған болатын.
КТК аранасы хабарлағандай, ал шешімнің өзгеруін соттағылар тағылған айыптың ауырлығымен түсіндірді. Оның үстіне ведомство Хаменова үйінде жүрсе қызметін, ықпалды тамыр-таныстарын пайдаланып тергеуге кедергі келтіруі ықтимал деп тапқан. Егер шенеунік тағылған айып бойынша кінәлі деп танылса, 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Атырау облысы әкімінің орынбасары Абай ескерткішіне бөлінген 145 миллион теңгеден үлес алды деген күдікпен екі апта бұрын ұсталған болатын. Онымен қоса, Атырау облысы мәдениет басқармасының басшысы да құрықталған. Бірақ Ақылбек Рысқалиев өз кінәсін бірден мойындап, тергеушілерге көмек бергені үшін қамауға алынбады.
Ал Хаменова темір торға қайта қамалғанымен, қызметінен әлі ресми түрде босатылмапты.
– Өткен жолы айтқанымдай, қазір соттан ешқандай шешім келген жоқ. Қазір тергеу изоляторында жатқанын өздеріңіз білесіздер. Жұмыста болмауына байланысты жалақы жүрмейді. Оған қарасты басқармалар қазір әкімнің өзге орынбасарларына бөлініп берілді. Қазір сол кісілер жауапты, – деді Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ержан Төлек.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық