Италия премьер-министрі су тасқынына байланысты Астана сапарын тоқтатты
Сурет: ВВС
Италия аймағындағы жойқын су тасқыны ондаған адамның өмірін қиды, дауылдан кейін 20-дан астам өзен арнасынан асып кетті.
Италия премьер-министрі Джорджи Мелони Хиросимадағы G7 саммитіне қатысуын тоқтатып, жоспарланған Астана сапарынан да бас тартты. Ол су тасқыны салдарынан төтенше жағдайда туындаған еліне оралды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлім етті.
«Эмилия-Романья аймағындағы қатты су тасқынына байланысты көптеген адамдар зардап шегіп, құрбандар пайда болды. Италия премьер-министрі Джорджио Мелони Хиросимадағы G7 саммитіне қатысуын мерзімінен бұрын тоқтатып, Италияға жоспарланған уақыттан ерте оралып, табиға апаттан зардап шеккен аумақтарға барды. Италияның солтүстігінде кем дегенде 40 елді мекен су астында қалып, 20 мыңнан астам адам баспанасынан айырылды. Осы себепті Италия Үкіметі басшысының Астанаға бұрын жарияланған жұмыс сапары болмайды», - деді Желдібай.
Ол италиялық тарап сапарға балама ретінде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Джордж Мелони арасында телефон арқылы сөйлесуді сұрағанын атап өтті
Соңғы күндері Италияда қатты жаңбыр жауды, деп хабарлайды The Guardian. Салдарынан жиырма бір өзен арнасынан асып, су тасып, аймақты су басты. Ең көп зардап шеккен Эмилия-Романья аймағы. Соңғы мәліметтер бойынша, 14 адам қаза тауып, 27 мың адам үйлерінен көшірілді, 36 мың адам баспанасыз қалды. Көптеген адамдар із-түзсіз жоғалғандар тізімінде.
Елде көптеген ойын-сауық шараларынан, соның ішінде осы демалыс күндері Эмилия Романьяда өтуі тиіс Формула-1 Гран-приінен бас тартылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық