Италиялықтар қазақстандық жылқы етін тұтынуы мүмкін
Фото: pixabay.com
ҚР сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Римде "Италияда жасалған" кәсіпкерлік және өнім істері министрі Адольфо Урсомен кездесті.
Арман Шаққалиевтің айтуынша, Қазақстан мен Италия арасында өзара тиімді ынтымақтастықтың табысты тәжірибесі қалыптасты.
Сонымен қатар екі елдің экономикалық саладағы әріптестікті одан әрі тереңдету үшін үлкен мүмкіндіктері бар.
"Қазақстаннан Италияға өңделген өнім экспортының әлеуеті 260 млн доллардан асады. Органикалық тамақ өнiмiнiң айтарлықтай артықшылығы бар. Біздің болжауымызша, Италия нарығында сұранысқа ие тауарлардың бірі – жылқы еті. Қазақстан органикалық салқындатылған жылқы етін, сондай-ақ уылдырық пен балдың экспорттық жеткізілімін ұсына алады", - деді кездесуде министр.
Жыл сайын Италия 140 млн доллардан астам сомаға жылқы етін импорттайтынын ескерсек, қазақстандық компаниялар италиялық сатып алушыларға сапалы ет жеткізе алар еді.
Сол күні Арман Шаққалиев Италияның мемлекеттік хатшысы - сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрінің орынбасары Мария Триподимен келіссөздер жүргізді.
Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, сондай-ақ Қазақстан мен Италия мемлекет басшылары арасындағы келісімдер іс жүзінде іске асыруды талқылады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық