Италия премьер-министрі әрі Илон Масктің досы Джорджия Мелони Астанаға не үшін келе жатыр?
Фото: Governo Italiano / Wikimedia Commons, CC BY 3.0 it
Италия Орталық Азиядағы дипломатиялық позициясын нығайтқысы келеді және Қытайға тәуелділікті азайтуды көздейді. Италияның премьер-министрі Джорджия Мелони 26-27 сәуір күндері Астанаға келіп қайтпақ, деп хабарлайды Orda.kz.
Италиялық бұқаралық ақпарат құралдары премьер-министр Джорджия Мелонидің Орталық Азияға алдағы сапарының қалай болатынын талқылап жатыр. Олар бұл сапардың стратегиялық маңыздылығына ерекше назар аударып отыр.
Жуырда Вашингтонға жасаған сапарынан кейін, Италия парламентінде қызу пікірталастар туғызған Мелони Самарқанд пен Астанаға келеді. Il Messaggero газеті бұл сапарды Италияның өңірдегі экономикалық және саяси ықпалын күшейтуге бағытталған маңызды дипломатиялық миссия деп сипаттайды.
Италия Орталық Азияны геосаяси шиеленіс күшейіп, Еуроодақ Ресей мен Қытайға тәуелділікті азайтуға тырысып жатқан қазіргі жағдайда аса маңызды өңір деп санайды. Италия ерекше назарды сирек жер металдарына аударып отыр. Жақында Қазақстанда қорғаныс өнеркәсібі, цифрлық технологиялар мен жасыл энергетиканың дамуы үшін өмірлік маңызы бар церий, лантан, неодим және иттрий сынды минералдарға бай ірі кен орны табылды. Рим бұл ресурстарға қол жеткізуді көздеп отыр.
Орталық Азия Еуроодақтан жалпы құны 12 миллиард еуро болатын ауқымды инвестициялық пакет алды. Бұл қаражат Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға бағытталған. Бұл бағыт Еуропа мен Азияны Кавказ және Каспий теңізі арқылы, Ресей аумағын айналып өтіп, байланыстырады. Мелони осы мүмкіндікті пайдаланып, Италияны Еуропа мен Орталық Азия арасындағы келіссөздерде негізгі делдалға айналдырмақ ниетте. Ресей, Қытай және АҚШ-тың бәсекелес болатынына қарамай, осы мақсатта жұмыс істемек.
Италиялық бұқаралық ақпарат құралдары оппозиция премьер-министр Мелонидің сыртқы саясатты АҚШ мүдделерімен тым тығыз байланыстырып отыр деп айыптайтынын атап өтті. Сондықтан үкімет басшысының Орталық Азияға сапарын Вашингтон мен Брюссель арасындағы қатынасты теңестіруге бағытталған қадам ретінде қарастыруға болады.
Джорджия Мелони 26-27 сәуір күндері Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Астанаға «Орталық Азия — Италия» атты алғашқы саммитке келеді. Шара барысында стратегиялық әріптестікті дамыту мәселелері талқыланады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық