«Ит үргенде қорқып кеткен»: Ақтөбеде 1 сынып оқушысы қайтыс болды
Фото: envato
Ақтөбеде оқушының өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр. Полиция баланың киімі бүлінбегенін, ит тістемегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Қайғылы оқиға Ақтөбе қаласында 28 ақпан күні сағат 7.30 шамасында тіркелді. Маресьев көшесіндегі үйдің ауласынан 1 сынып оқушысының мәйіті табылды. Ер баланың өліміне қатысты сараптама жүріп жатыр.
«Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы мәйітте зорлықпен өлтіру белгілері жоқ екенін анықтады. Баланың қайтыс болу себебін анықтау үшін сараптама тағайындалды», деп мәлімдеді Ақтөбе облыстық ПД.
Ақтөбе қалалық білім бөлімі марқұмның оқушы екенін растады. Айтуынша, бала иттен қорқып кеткен.
«Ит тістемеген. Таңертең үйден анасы, апасымен бірге шыққан. Анасы есік жабамын дегенше, бала аулаға бірінші шығып кетеді. Қоқыс контейнерінің қасынан ит үріп шыққанда бала қорқып кеткен. Құлаған. Сол кезде анасы шыққан, үйіне әкелген, жедел жәрдем шақырған»,- деді қалалық білім бөлімінің басшысы Әліби Латып.
Оқиғаға марқұмның әкесі пікір білдірді. Қайғылы жағдайдың өздері тұратын аулада болғанын растайды.
«Анасы мектепке апара жатты. Бала осы жерде, анасы мына жақта болды. Ит шыққан. Үстіне секірген. Қызыл неміс овчаркасы. Үстіне секіргенде қорқып, баланың жүрегі жарылып кеткен. Артынан шығып келе жатқан анасы көрді. Апасы болды қасында»,-деді қайтыс болған оқушының әкесі.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық