«Ит қапқан бала көз жұмды»: Марқұмның туыстары оқиғаның мән-жайын айтты
Түркістан облысында ит қапқан бала бір жылдан кейін қайтыс болды. Құтыру ауруынан көз жұмды деген Жұмағұл Ақылбек ауыл балаларымен футбол ойнауға әуес болған. Р. Қошқарбаев атындағы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бекжан Юсупов оның спортқа жақын болғанын айтты.
Қазақстандық басылымдарда «Бала ит қапқаннан қайтыс болды», «Ит қауып, уақтылы емделмеген жасөспірім қайтыс болды» деген дерек таралған еді. Қайғылы оқиғаның мән-жайын Orda.kz тілшісі біліп қайтты.

Ынтымақ - нағыз дихандардың ауылы. Ынтымақ ауылындағы Р. Қошқарбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бекжан Юсупов Ақылбек Жұмағұлдың туысы.
- Ақылбек өте зерек, спортқа жақын бала болды. Өткен жылы әкесі екеуі келе жатып, ит қауіп алған, қазақшылыққа салып елемеген. Ал, енді 1 жылдан кейін ит қауып алған деп, құтырған деп шығарған. Оған күмәніміз бар. 2 күн ішінде кетті де қалды. Ойнап күліп жүрген бала, 2 күнде көз жұмды, - деді Бекжан Юсупов.
Қайғылы жағдай туралы марқұмның әкесі Орынбасар Жұмағұлұлы егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.
- Ақылбектің бейсенбі күні (07.04.2022 ж) кешқұрым аяғы ауырды, сосын аяғын спиртпен сыладым. Сол күні демалды. Таңертең «аяғың қойды ма?» деп сұрадым. Сәл ауырып тұр деді. Сосын жергілікті медпунктке апардым, анализдерін алды, - деп еске алды әкесі.
Орынбасар Жұмағұлұлы баласының ауырсыну себебін бір апта бұрын мал баққан ауылда аттан құлап, бір жерін ауыртып алды деп ойлағанын айтады.
- Сенбі күні таңертең сынықшыға апардым. Ат мінген ғой енді. Сынықшы: Баланның еш жері сынбаған, шықпаған деді. Сөйтіп өзіміздің Қызыләскердегі орталық ауруханаға алып келдім. Анализ алды. Сонан соң ішкі құрылысын рентгенге түсірді. Анализдің нәтижесін түсіріп алуды сұрады.
Бүйрегіне сәл зақым келгенін айтты. Үйге келді. Балам ауа жетпей жатқанын айтты. Қорыққанымыздан жедел жәрдем шақыртып, аудандағы ауруханаға апардық. Жедел жәрдемнің фельдшері жолда бір-екі тыныштандыратын дәрі салды. Баламды жансақтау бөліміне кіргізгеннен кейін қайта көрмедім, - деді Ақылбектің әкесі Орынбасар.

Ақылбектің анасы ұлын қапқан ит көршісіне де шабуылдағанын айтып, оның дені сау екенін жеткізді.
- Дәрігерлер келген кезде баланы құтырған ит қапқан болса, ит кемінде он күннің ішінде өліп қалатынын айтты. Он күн емес, менің баламды қапқаннан кейін алты айдан соң, көршіні қапқан. Ол көршім сау жүр, иттің қаншығы да әлі тірі ғой, - дейді Карима Райымова.
Ақылбектің жақын туысы Жандарбек Мұратов отбасының талап-тілегін айтып берді.

- Біз құтырған дегенмен келіспейміз. Жеті сағаттың ішінде оның ауруын анықтай алмай, анасының бір жарым жыл бұрын ит тістеді деген сөзіне «бешенство» деп баланы он сегіз сағаттың ішінде матаға орап беріп жіберді. Түрін де көрсетпеді. Олар маған қандай ем-дом жасап жатқанын айтпады. Сараптама жасап анықтайық дегенге келіспедік, - деді ол.
Орынбасар мен Карима төрт бала өсіріп отырған. Марқұмның ата-анасы есік алдында жылыжай шаруашылығымен айналысып жүрген диқандар. Осы мәселе бойынша өкпе қабынуының неден болғаны бәрімізге бәймәлім болып қала беретін секілді.
Исламбек Дастан
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық