«Істікті жүрегіне сұққан»: Оқушының өлімінен кейін мектеп директоры жұмыстан кетті
Фото: әлеуметтік желіден
Алматы облысы Долан ауылында болған оқушылар арасындағы жанжал адам өліміне ұласты. Осы жағдайдан кейін мектеп директоры қызметінен кетті, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов айтты. Қазіргі таңда күдікті оқушы екі айға қамауға алынған. Қылмыстық іс қозғалып, жан-жақты тергеу жүмыстары жүргізіліп жатыр.
«Бүгін мектеп директоры жұмыстан шығарылды. Оқу ісінің меңгерушісі мен сынып жетекші қатаң сөгіс алды», — деді Санжар Әділов.
Айта кетейік, қайғылы оқиға 24 мамырға қараған түні болды. Орта мектептің 11-сынып оқушылары мектеп бітіру кешін атап өтпек болып Долан ауылының маңындағы «Dolan hills» коттеджін жалға алған.
Оқушылар көңілді кеш жайлы ата-аналарының WhatsApp чатына фотолар жіберіп, жағдайдан хабардар етіп тұрған. Алайда екі оқушы дауласып қалып, бірі екіншісіне кәуап пісіретін істікті (шампурды) сұғып алған. Оқушы оқиға орнында көз жұмды.
Қайғылы жағдайдың егжей-тегжейін Orda.kz тілшісі дайындаған материалдан оқи аласыз.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық