«Испания қара жамылды»: Су апатынан 150-ден аса адам қаза болды
Фото: EFE/ Биль Алиньо
Испания су апатынан зардап шекті. Соңғы мәліметтерге қарасақ, құтқарушылар 158 адамның мәйітін тапты, деп хабарлайды Orda.kz агенттігі EFE агенттігіне сілтеме жасап.
Валенсия аймағында табиғи апаттан 155 адам қайтыс болды. Пайпорта қаласында 62 адам қаза тапты, қалада 25 мың тұрғын бар. Испанияның қорғаныс министрі Маргарита Роблес көптеген адамдардың әлі де жоғалғандар тізімінде екенін және іздестіру жұмыстары жалғасып жатқанын атап өтті. Құтқару операциясына 1200-ден астам сарбаз бар.
Испания премьер-министрі Педро Санчес қазіргі басты міндет – зардап шеккендерді одан әрі іздеу екенін айтты. Ол Валенсия мен Кастельон тұрғындарын үйлерінде қалып, құтқарушылардың нұсқауларын орындауға шақырды. Синоптиктер жаңбырдың қайта жауатынын болжап жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, 30 қазанға қараған түні Валенсияның бірнеше аймағында бірнеше сағат ішінде шаршы метрге 300 литрден астам жауын-шашын жауды. Чива ауылында шаршы метрге 491 литр жаңбыр жауып, бұл осы аймақтың жылдық жауын-шашын көлеміне тең болды. Лай тасқындары адамдарды, көліктерді, тіпті бүтін үйлерді алып кеткен.
Бұған дейін Қазақстан Президенті Испания королі Фелипе VI-ге көңіл айту жеделхатын жолдаған еді.
«Осы қиын сәтте Қазақстан халқының және өз атымнан сізге және қайтыс болғандардың отбасыларына шын жүректен көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тез сауығып кетуін тілеймін», – деп жазылған жеделхатта.
Қазіргі уақытта Испанияда үш күндік ұлттық аза тұту жарияланды. Үкімет ғимараттарында ту төмен түсіріліп, испандықтар қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Жаңалықтар
- Түрген өзенінде су деңгейі көтеріліп, туристер эвакуацияланды
- Алматыда жертөледен полиэтиленге оралған ер адамның мәйіті табылды
- «Көлік 3 минуттан кейін келеді»: Қазақстан жолдарында адам өмірін арашалап қалған такси жүргізушілерінің шынайы оқиғалары
- Тоқаев рақымшылық туралы заңға қол қойды
- Алматыда еріген қар суы сел болып ағып, көпірді жұлып, жолды шайып кетті
- АҚШ Қазақстанға тағы 37 миллиард доллар инвестиция салмақшы
- Алматыда сел қаупіне байланысты тұрғындарды алдын ала эвакуациялау басталды
- Тоқаев «Қазақстан Республикасы Құрылтайы сайлауын тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды
- Оқушылар Конституцияны оқиды: Жаңа оқу жылынан бастап мектеп бағдарламасына өзгерістер енді
- Қазақстанда әуетакси мен дрондарды пайдалануға арналған заңнамалық негіз қалыптасты
- Үкімет ең төменгі жалақы мөлшерін арттыру мәселесін қарастырады
- 200-ден астам ер адамға «әйелдерге арналған ота» жасалған
- Ұлттық домбыра күні: Астанада қандай іс-шаралар өтеді?
- Атырау облысындағы баласы ұрып-соғып, қамап ұстаған 90 жастағы қарияны немересі қолына алды
- Елімізде жаңа Конституция күшіне енді: Жаңа дәуірдің бастауы
- ӘЧ-2026: Холандтың голы Норвегияны1/8 финалына шығарды
- Ақ үй АҚШ-тың Иранмен қақтығысқа жұмсаған шығынын 30 миллиард доллар деп бағалады
- Қайын жұртын қырып салған күйеу балаға жаңадан айыптар қосылды
- Путин мен Тоқаев стратегиялық серіктестікті талқылады
- Данай Шайықов әлемдегі ең мықты кәсіби хоккей лигасының мүшесі болды