«Исламға қарсы емеспіз»: Тәңір діні Қазақстанда ресми түрде тіркеле ме?
Фото: Orda.kz
Бүгін Алматыда ҚР «Тәңір Елі» тәңіршілдік қоғамы көне сенімді ресми дін ретінде тану қажеттігі туралы ашық мәлімдеме жасады. Қазір осы бағытта жүрген Алан Бондарев, Ерлан Еспенбетов, Руслан Нұрхатов сөз сөйледі.
Orda.kz тілшісі осы жиынға қатысып, мәлімдемені тыңдап қайтты.
Түрік қағанаты дәуірінен тамыр тартатын бұл көне сенім қайтадан таралып келеді. Бүгінгі жиында осы дінді ұстанатындар оған лайықты мәртебе беруді мақсат етіп отырғандарын айтты.
«Болмысты тірілту»
Іс-шарада тәңіршілдік қоғамының жетекшісі Ерлан Еспенбетов сөз сөйлеп, тәңіршілдік философиядан тыс, ресми дін болуға лайық екенін айтты. Еспенбетов ресми танудың ұлттық ерекшелікті нығайтуға және ата-бабалардың мәдени мұрасын сақтауға көмектесетінін атап өтті. Сондай-ақ, тәңір дінінде көне бітік жазулар мен «ар ілімін» негізге алатындарын айтты.
Ерлан Еспенбетовтің сөзінше, тәңірге сену — тәңіршілік Ұлы Түркі қағанаты дәуірінде қалыптасқан және ғасырлар бойы түркі халықтарының мәдени мұрасының ажырамас бөлігі болып келеді.
Қазақстанда 3900-ден астам діни бірлестік тіркелген, олардың ішінде 18 конфессия бар. Олардың басым көпшілігі шетелде орналасқан рухани орталықтарға ие. Еспенбетов қазіргі Қазақстанда таралған тәңір діні ресми деңгейде әлі күнге дейін мойындалмағанын айтты. Ерлан Еспенбетовтің сөзінше, бұл ұлттық мәдени мұраны сақтау мен дамытуға кедергі келтіреді.
Соңғы жылдары өздерін тәңір дінін ұстанушылар ретінде ашық танып жүрген азаматтардың саны артып келеді. Ерлан Еспенбетов болашақта олардың саны миллионнан асуы мүмкін деген болжам бар екенін айтты.
«Тәңрішілдік» терминін алғаш болып қазақ ғалымы Шоқан Уәлиханов қолданса, бұл анықтаманы кейін француз шығыстанушы Жан-Поль Ру мен Олжас Сүлейменов қолданған. Бүгінде көп полярлы әлемнің қалыптасу жағдайында, Тәңіршілдік қазақ және барлық түркі-моңғол халықтарының мәдени және өркениеттегі өзіндік идентификациясы бар элемент ретінде шыға алады. Еуразияның қақ ортасында орналасқан өзінің географиялық жағдайымен ерекшеленетін Көнетүркі мәдениеті – ол Батыс пен Шығыс өркениеттерінің көпірі. Түрік қағанатының құрылуы кезінде Тәңіршілдік саяси бірлікті қамтамасыз ету үшін монотеистік формаға ие болғаны анық. Кейбір зерттеушілер Тәңіршілдікті әлемдегі ең көне діндердің бірі деп санайды, мүмкін бұл шынымен де солай шығар, бірақ бүгінгі уақытта бұл нұсқаны жақтаушылар алдымен ежелгі түркі жазбаларына сүйенгені абзал», — деді Ерлан Еспенбетов.
Еспенбетов тәңіршілікті Қазақстанда ресми дін ретінде мойындауға шақырып, бұл түрлі конфессиялар мен діни сенімдердің біртұтас, зайырлы мемлекетте бейбіт өмір сүруіне жағдай жасайтынын айтты.
«Исламға қарсы емеспіз»
Сондай-ақ, «Тәңір Елі» ерікті ұйымының өкілдері қазіргі тәңір дініне қатысты айтылып жүрген қаңқу сөздерді жоққа шығарып, өздерінің қарапайым азамат екенін айтты. Бұл дінді дәріптеудің ар жағында ешқандай саяси күштер тұрмағанын айтып, өздерін таныстырып өтті. Ерлан Еспенбетов пен Алан Бондарев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқытушы қызметін істесе, Руслан Нұрхат ботаника саласын зерттеген және осы саладан сабақ беретін мұғалім.
Orda.kz тілшісінің «Қазіргі таңда кейбір имамдар тәңір дінінде шариғат секілді тыйымдардың жоқ екенін айтып, оларды ұстап тұратын қағидаттың жоқтығын алға тартады. Оған не дейсіздер?» деген сұрағына, тәңір дініндегі «ар ілімі» жайлы айтып, оның еш қиянатқа жібермейтінін баяндады. Сондай-ақ, өз сөзінде ол ислам дініне қарсы еместігін айтты.
«Біз исламға қарсы емеспіз. Сіз орысша сөйлеп жатырсыз, өтінемін. Ешкім бізге жау емес. Біздің жау деп ойлауы мүмкін, олардың бұл пікірге құқығы бар. Бірақ соған қарамастан біз ешкімді қарсы қоймаймыз. Ұйым ретінде біз ешқандай басқа дінге қарсы тұрмаймыз. Біз ешкіммен күреспейміз. Біздің мақсатымыз күрес емес, біздің мақсатымыз біріктіру. Біздің мақсатымыз біріктіру, жаңғыру және алға жылжу», — деді Руслан Нұрхат.
«Қол жинап жатырмыз»
Алан Бондарев өз жұмыстарында ақпаратты тарату жағы ақсап тұрғанын айтты. Оның сөзінше бұл дін жайлы медиада ақпарат аз. Ол сондықтан бүгінгі жиынға тілшілер мен блогерлерді шақырғанын айтты. Тәңір дінін ресми түрде тіркеу үшін қол жинап жатқанын айтып, жұрт танымаған соң және бұл дін жайлы білмеген соң қол қоя қоймайтынын баяндады.
«Журналистерді шақыруымыздың басты себебі ақпарат тарату еді. Өзіміз туралы мәлімдеп, кім екенімізді, не істеп жүргенімізді, қайда екенімізді жұртқа жеткізу мақсатымыз болды. Петицияда қолдың аз жиналып жатқан себебі — біздің кім екенімізді қоғам білмейді. Көзсіз ешкім қол қоя бермейді ғой. Басты қиындығымыз ақпарат тарату жағының ақсап тұрғандығы», — деді Алан Бондарев.
Конференцияда «сенім», «дүниетаным» және «дін» ұғымдарының ара-жігін ажырату қажеттігі де талқыланды. ҚР «Тәңір Елі» тәңіршілдік қоғамы өкілдерінің сөзінше, тәңіршілікті ресми дін ретінде мойындау — қазақ халқының мәдени бірегейлігін нығайтып қана қоймай, түркі халықтарының рухани мұрасын сақтауға маңызды үлес қосады.
Еске сала кетсек, бұған дейін осы дінді ресми тіркеу жайлы петиция шыққан болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық