Ислам Махачев Шавкат Рахмоновпен жекпе-жекке шығудан бас тартты
Фото: idman.biz
Дағыстандық UFC жұлдызы Ислам Махачев Шавкат Рахмоновпен титулдық жекпе-жек өткізбейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
UFC 322 турнирінде Джек Делла Маддаленді жеңген Махачев енді мансабын әрі қарай жалғастыруға дайын. Оның келесі қарсыласы кім болатыны спорт сүйер қауымды қатты қызықтырады. Махачевтің айтуынша, жартылай орта салмақта мықты үміткерлер көп. Солардың ішінде Илия Топурия да бар. Ол тіпті Махачевпен жұдырықтасу үшін салмақ ауыстыруы мүмкін.
Ислам өз дивизионында жас, қауіпті спортшылар жетерлік екенін айтады:
«Менің турнирімде Моралес пен Пратес төбелесті. Екеуі де жас, екеуі де кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады. Дивизионымыз бәсекеге толы. Кеше бұрынғы чемпион жас Йен Гэрримен жұдырықтасты. Гэрримен айқас қызық болар еді. Көреміз. Бірақ кеше ол мені таңғалдырған жоқ», – деді Ислам Махачев.
Шавкат Рахмонов туралы сұраққа егер бір спортшы ұзақ уақыт жекпе-жекке шықпаса, бірден онымен титулдық белбеу үшін айқасу мүмкін емес екенін айтып жауап қайтарды. Демек, Шавкат Рахмоновпен титулдық белбеу үшін шаршы алаңға шықпайтыны анық.
Аты аңызға айналған қазақстандық боксшы Генадий Головкин World Boxing халықаралық федерациясының президенті атанды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық