Ислам атын жамылып азғын пиғылын жүзеге асырады – депутат
Коллаж: Orda.kz
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи Ирак парламентінің неке жасын төмендету туралы ұсынысына қатысты өз пікірін білдіріп, бұл әрекетті «адамзатқа қарсы жауыздық» деп атады, деп хабарлайды Orda.kz.
Депутаттың айтуынша, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да бұл бастамаға қарсы ашық мәлімдеме жасап, мұндай әрекеттерге үзілді-кесілді қарсы болу қажет.
Ирак билігі неке жасын 18 жастан 9 жасқа төмендеткелі жатыр. Бұл туралы The Miror басылымының мәліметіне қарасақ, үкіметте 16 қыркүйекте заңның екінші оқылымы болып жатыр.
««Құдай сақтасын!
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) адамзатқа қарсы жасалмақ мынау жауыздық әрекетті үзілді-кесілді жазғырып, мәлімдеме жасауы керек деп ойлаймын! Адам айтқысыз бұл қатыгездікке елдегі теріс діни ағымдардың жекелеген өкілдері елігіп кетудің алдын алу үшін тиісті мемлекттік органдар бақылауды күшейтуі керек!», — деп атап өтті Ермұрат Бәпи.
Депутаттың пікірінше, балаларға қатысты мұндай заңдар исламның дұрыс түсінігінен алшақтап, педофилияны заңдастыруға жол ашады.
Ал Ирак билігінің пікірінше, бұл қадам ислам заңдарын дұрыс насихаттауға тірек болады. Сондай-ақ қоғамды басқа да «азғын қарым-қатынастардан» сақтайды.
Ермұрат Бәпи мұндай заң жобаларын «ислам атын жамылып, педофилдерге азғын пиғылын жүзеге асырудың амалы» деп айыптады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық