Ішкі істер министрлігі пранк жасайтын блогерлерге үндеу жариялады
Фото: ІІМ
Ішкі істер министрлігі пранк жасайтындарға үндеу жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.
ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев соңғы кездері әлеуметтік желілерде тараған пранктардың кейбірінің заң шеңберінен шығып кеткенін ашық айтты.
«Соңғы уақытта интернетте пранк және экстремалды көріністер бейнеленген видеолар жиі таралып жүр. Мұндай ойындар мен қауіпті трюктер әлеуметтік желілерде «хайп» үшін жасалды. Өкінішке қарай, «лайк пен қаралым үшін жарыс» әзіл-қалжың мен дұрыс көңіл көтерудің шеңберінен шығып кетті», —деді ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев.
Оның сөзінше авторлар ешкімге зиян келтірмейтін контенттің орнына агрессия, арандату, зорлық-зомбылық көрсетіп, өмірге қауіп төндіретін әрекеттерге барып жатыр. Мұндай әрекеттер қоғамға қауіпті және қоғамдық тәртіпті бұзады.
Жыл басынан бері осындай деректер бойынша 24 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Шыңғыс Әлекешев Астанадағы лифт ішінде «мәйіт» тасып және балтамен шабуыл жасап, видео түсіргендерді мысалға келтірді. Айта кетейік, олар осы бейнежазба үшін қамалған болатын.
«Бұл видео жолаушылардың үрейін ұшырып, қатты қорқытты. Бұл қатыгез пранктің барлық қатысушылары 15-тен 30 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынды», — деді ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев.
Ол адам өміріне қатер тудыратын мұндай жазбалардың қоғамдық тәртіпті бұзатынын айтты.
«Алматы облысында экстремалды бейнежазба түсірген жас жігіт келе жатқан көліктің үстінен секірмек болды. Өкінішке қарай, бұл әрекет қайғылы оқиғамен аяқталды. Ол ауыр жарақат алып, көз жұмды. Мұндай әзілдер қауіпті ғана емес, сонымен қатар әдеп нормаларына сәйкес келмейді, қоғамдық тәртіпті бұзып, қауіпсіздікке қол сұғып, орны толмас салдарға әкелуі мүмкін. Бұл көріністердің куәгерлері көбіне шок алып, күйзеліске ұшырайды. Ал орындаушылар өз өмірлерін қатерге тігеді», — деді ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев.
Ол ІІМ-нің қатаң ескерту жасайтынын айтты.
«Ішкі істер министрлігі ескертеді: қоғамдық тәртіпті өрескел бұзатын, дүрбелең туғызатын немесе зиян келтіретін, сондай-ақ адамның ар-намысын қорлайтын әрекеттер үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделген. Блогерлік пен камераға түсіру құқық бұзуға сылтау болмауы керек. Қатыгез пранктер мен қауіпті трюктер — өнер емес, бұл — заң бұзушылық», — деді ол.
Ол осындай блогерлерге ашық үндеу жолдап, заңды құрметтеуге шақырды.
«Біз осындай контент авторларына үндеу жолдаймыз: күмәнді көріністі түсірмес бұрын немесе оған қатыспас бұрын салдарын ой елегінен өткізіңіз; өмірде де, интернетте де өзгелердің сезімін, қауіпсіздігін және жеке шекарасын құрметтеңіз. Заңды сақтаңыздар және құқықтық жауапкершілікке әкелетін әрекеттерге бармаңыздар», – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық