Ішкі істер министрлігі Мейіржан Төребаевтың ісі туралы айтты
Фотоколлаж
Қаржы пирамидасын құрды деп күдікке ілінген вайнер Мейіржан Төребаев, актер Мейірхан Шерниязов және блогер Азимжан Саидбаевқа қатысты тергеу шаралары аяқталып қалды.
Бұл туралы ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов хабарлады.
Оның айтуынша, қазіргі таңда үшеуі де жауапқа тартылған.
«Өкінішке қарай, біреуі шетелге қашып кетті. Қазір оның жүрген жерін анықтау шаралары қолға алынды. Біз қылмыстық істі тергеуді аяқтап қалдық. Жақын арада барлық материал процеске қатысушыларға таныстырылады, содан кейін сотқа жіберіледі. Тергеу кезінде күдіктілерге қатысты толық дәлелдер жиналды» деді Әділов брифингте.
Еске салсақ, вайнерлер 2021 жылы Mudarabah Capital компаниясын жарнамалаған. Артынша компания қаржы пирамидасы деп танылды. 2021 жылдың қазанында Mudarabah Capital компаниясының иесі Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікпен ұсталды. Ал Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов, Азимжан Саидбаев құрылтайшылары деп танылды. Қазіргі таңда Төребаев пен Шерниязов 1000 АЕК (3 063 000 теңге) көлемінде кепіл төлеп, соттың соңғы шешіміне дейін босатылған.
Ал Саидбаевты қамауға алуға шешім шығарылды. Алайда ол шетелге қашып кеткен. Бүгінгі таңда халықаралық іздеу жарияланды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық