Ішкі істер министрі Тұрғымбаевтың кетуін талап еткен петиция құрылды
Фото: 24Хабар
Желіде ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты отставкаға жіберуді талап ететін петиция жарияланды.
Желі қолданушылары #азаптаудытоқтат хэштегімен наразылық науқанын өткізіп жатыр. Олар ұсталғандарды азаптауды тоқтатып, жазықсыздарды босатуды талап етіп отыр.
Қазір петицияға 1836 адам қол қойған.
Петиция авторы 100 мың адамның қолын жинауға ниетті. Оның айтуынша, қасіретті қаңтарға жол берген ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қызметінен кетуі керек.
«06.01.2022 жылы кешкі уақытта «Халық террорист емес» деген үлкен жазумен алаңда тұрған бейбіт халыққа ескертусіз оқ атылды деген шағымдар мен хабарламаларды, дәлелдерді жіті тексеру қажет. Дәлелденген жағдайда бейбіт халыққа оқ атқандар қылмыстық жауапқа тартылуы керек. Сондай-ақ, 07.01.2022, 08.01.2022 жылы өлтірілгендердің қандай жағдайда, кімнің қолынан қаза тапқандарын толық анықтау керек. Ауыр қылмысқа қатысы жоқ митингке қатысқандардың бәрін түгелдей бостандыққа шығару керек» делінген петиция мәтінінде.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық