Іс тоқтады: Ақтөбе соты екі баласын тұншықтырып өлтірген ананы қылмыстық жауаптан босатты
Фото: Orda.kz
Ақтөбеде 11 айлық қызы мен 3 жасар ұлын тұншықтырып өлтірген әйел мәжбүрлі емді жалғастыратын болды. Сот 29 жастағы әйелді өз балаларын есі ауысқан кезде өлтірген деп таныды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қайғылы оқиғаға үкім шығарды. 29 жастағы әйел тал түсте екі баласын тұншықтырып өлтіргенін өзі хабарлаған еді. Сотта 11 айлық қыз бен 3 жастағы баланың өлімі тұншығудан болғаны айтылды. Балалардың тыныс жолдарына қан құйылған.
Сот тергеуі аяқталды. Әйел қылмыстық жауаптан босатылды, арнайы мекемеде мәжбүрлі емдеуді жалғастырады.
«ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты есі дұрыс емес кезде жасаған Гүлжанат Дәулетбаева қылмыстық жауаптылықтан босатылсын. ҚК 93-бабы 1-бөлігі 2-тармағына сәйкес Гүлжанат Дәулетбаеваға жіті бақыланатын мамандандырылған психиатриялық ауруханада мәжбүрлеп емдеу тағайындалсын. Жас балаларын тұншықтырып өлтірген кезде ақыл есі дұрыс болмаған. Сот сараптама қорытындысы іске тіркелген», – деді судья.
Еске салайық, қайғылы оқиға 2025 жылдың 23 наурыз айында болды. 29 жастағы Гүлжанат Дәулетбаеваға ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлігі («Адам өлтіру», дәрменсіз күйде) бойынша қылмысты жасады деген айып тағылған. Арнайы орталыққа мәжбүрлі емге жатқызылған сотталушы сотқа қатысқан жоқ. Айыпталушы орны бос тұрды.
Сотта психологиялық-психоневрологиялық сараптама оқылды. Онда сотталушының паранойдты шизофрения, үнемі суицидтік беталысы бар депрессиялық паранойдты синдром деген психикалық ауытқуларға шалдыққан. Зерттеушілер өзіне және қоғамға қауіптіліктің клиникалық және психопатологиялық факторларды анықтады. Сол себепті сараптама комиссиясы Гүлжанат Дәулетбаеваны жіті бақыланатын мамандандырылған психиатриялық ауруханаға мәжбүрлі түрде емдеуді ұсынған.
Балаларын өлтірді деп айыпталған әйел 1996 жылы Байғанин ауданында туған. Білімі жоғары. Үш дипломы бар. Сотқа заңды өкілі ретінде қатысқан ағасы мектепті қызыл дипломмен бітіргенін, екінші баласын босанған соң қарындасының күйзеліске түскенін айтты. Әкесі қызының таэквондодан облыс чемпионы болғанын жеткізді. Айыпталушы Атырау облысының Сағыз ауылына тұрмысқа шыққан, сол жақта жолдасымен, балаларымен бірге тұрады. Соңғы жылдары бала күтімімен үйде отырған.
Әйел қазір Алматы облысы Талғар ауданындағы психикалық емдеу орталығына жатыр.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық