«Ирина Қайратқызы» тобының мобилографына әлеуметтік желіде көңіл айтылуда
Қайғылы оқиғадан кейін қайтыс болған мобилографтың достары «Ирина Қайратқызы» әлеуметтік желілерінде оның видеосын жариялап, көңіл айта бастады. Олар жігіттің танымал қазақстандық топпен жұмыс істеу мүмкіндігіне қуанғанын да жазды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қайтыс болған жігіттің есімі Шахназ Жылқайдаров, ол биыл 21 жасқа толды. Жас жігіт Астана мен Көкшетауда мобилограф болып жұмыс істеп, басқаларға контент жасауды үйреткен. Ол Instagram желісінде белсенді еді. Қайтыс боларынан бірнеше сағат бұрын Шахназ Ирина Қайратқызы тобымен жұмысының қыр-сырымен бөліскен.
Қайғылы жағдайдан кейін марқұмның достары оның видеосын жариялап, көңіл айта бастады. Көпшілік жігіттің өте көңілді, ақкөңіл, өнерлі болғанын жазады.
«Мен сенгім келмейді. Жатқан жері жайлы болсын», «Мен қазір іштегі азаны айтып жеткізе алмаймын». «Сен менің жүрегімде мәңгі қаласың». Қашан да көмектесуге дайын ашық-жарқын Шахназ. Маған қолдау көрсетіп, сенім білдіргеніңіз үшін рахмет», «Сіз біздің жүрегімізде мәңгісіз, менің ең жарқын досым, жаның жәннатта болсын» деп жазады марқұмның достары әлеуметтік желіде.
Айтпақшы, мобилограф Шахназ Жылқайдаровтың құлаған сәті видеоға түсіп қалған. Кадрда жігіт сахнада құлап қалады. Ди-джей оған көмектесуге тырысады. Қайғылы оқиғаның куәгерлері Шахназ құлап, басын жабдыққа соғып, есін жоғалтып алған болуы мүмкін деп болжайды. Расталмаған мәліметтерге қарағанда, оның миы ісініп кеткен.
Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға Астанада 14 қазанда Конгресс-орталық аумағында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға орнын видеоға түсіріп жатқан жас жігіт есінен танып қалған. Полицейлердің түсіндіруінше, жедел жәрдем келген кезде дәрігерлер оның қайтыс болғанын анықтаған. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Жаңалықтар
- Ливан өлім жазасын жойған алғашқы араб елі болды
- Нұрай Серікбайдың өлімі: Прокурор күдіктіге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрады
- Иранның қастандық жасау қаупіне байланысты Трамп ұшағын ауыстыруға мәжбүр болды
- Бір серіктестіктің алты бірдей жұмысшысы құдыққа түсіп қаза тапқан: Полиция үш адамды ұстады
- Бала ауыр халде: Футбол алаңында төтенше жағдай болды
- Сирияның бұрынғы президенті Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
- Алматыда күйеуін өлтірген әйел сотта ақталды
- Прокуратура талабымен: Атырау облысында полицейлерді соққыға жығып, бостандықта жүргендер сотталды
- Аичи-Нагоя-2026: Азия ойындарының медальдары таныстырылды
- Қытайлық ғарыш миссиясы сәтсіз аяқталды: Зымыран тасығыш 90 секундта жарылып кетті
- Медициналық сақтандыру қорынан 3,5 млрд теңгеден астам қаржы ұрланған
- Ақсайда түнгі клубта жаға жыртысқандар жазаланды
- «Крыша боламын» деп 30 млн теңге талап еткен ММА жаттықтырушысы ұсталды
- Парсы шығанағында тұрып қалған кемелер әлемді экологиялық апатқа ұшырата ма?
- Бесағашта мас ер адам көшеде қыздарға бейәдеп ұсыныс жасаған
- Астанада полиция қызметкері кәмпитке қақалған баланың өмірін құтқарды
- Елден жаппай ақша алып қашып жатқандар кім? ҰҚК мәлімдеме жасады
- Қазақстандықтар үй сатып алуды азайтты ма? Тұрғын үй нарығында жаңа өзгеріс байқалды
- Өз тойына келе алмаған жұптың тойы экран арқылы өтті
- Үйлену тойында пышақтап өлтірген: Ақтөбе облысындағы сұмдық жайт